KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
Бүгін педагогтердің білімін бағалауға өтініштерді қабылдау басталады 06.07.2023

Бүгін педагогтердің білімін бағалауға өтініштерді қабылдау басталады

2023 жылғы 6-10 шілде аралығында app.testcenter.kz сайтында ПЕДАГОГТЕРДІҢ БІЛІМІН БАҒАЛАУҒА өтініштерді қабылдау жүргізіледі.
ПББ-ның өзі 10-19 шілде аралығында өтеді.

Бұл тестілеуге қатыса алады:

-мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының педагогтері;
-білім беру ұйымдарының әдіскерлері (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлерінен басқа);
-жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтері;
-қосымша білім беру ұйымдарының (интернаттық ұйымдардың, жатақханалардың тәрбиешілері, арнайы ұйымдардың тәрбиешілері үшін) педагогтері;
-білім беру ұйымдарының, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары;
-техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының ( жалпы білім беретін пәндер бойынша, сондай-ақ жалпы кәсіптік және арнайы, жалпы гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндер бойынша) педагогтері;
-педагогикалық бағыттар бойынша жоо және колледж бітіруші түлектері (бакалавриат-күндізгі, бакалавриат-қысқартылған, магистратура);
-педагогикалық (мамандықтар) бағыттар бойынша техникалық және кәсіптік, жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, тәжірибесі жоқ кандидаттар (оның ішінде 2022 жылғы түлектер);
-педагогикалық қызметті қайта жалғастырғысы келетін тұлғалар.

Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу