KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
SAT, ACT, IB, A Level халықаралық стандартталған тест сертификаттарының балдарын ҰБТ сертификатының балына ауыстыру ШКАЛАСЫ туралы 14.06.2023

SAT, ACT, IB, A Level халықаралық стандартталған тест сертификаттарының балдарын ҰБТ сертификатының балына ауыстыру ШКАЛАСЫ туралы

2.jpg


3.jpg


5.jpg

6.jpg

7.jpg




Назарларыңызға SAT, ACT, IB, A Level халықаралық стандартталған тест сертификаттарының балдарын ҰБТ сертификатының балына ауыстыру ШКАЛАСЫН ұсынамыз.

Естеріңізге сала кетейік, Егер Сізде SAT, ACT, IB, A Level халықаралық стандартталған сертификаттары бар болса, СІЗ оларды білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу және (немесе) жоғары оқу орындарына ақылы бөлімге қабылдану үшін ҰБТ балдарына ауыстыра аласыз.

АУЫСТЫРУ КЕЛЕСІ ЖАҒДАЙДА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ:

Тек SAT reasoning сертификаты бар түсуші Қазақстан тарихы және екі бейіндік пәндер бойынша ҰБТ тапсырған жағдайда;
SAT reasoning және SAT subject балдары бар түсуші Қазақстан тарихы пәні бойынша ҰБТ тапсырып, ал SAT subject балдары бейіндік пәндері сәйкес келген жағдайда;
ACT балдарын ауыстыру үшін Қазақстан тарихы пәні бойынша ҰБТ тапсырып, бейіндік пәндері сәйкес келген жағдайда;
IB балдарын ауыстыру үшін Қазақстан тарихы және оқу сауаттылығы пәндері бойынша ҰБТ тапсырған жағдайда;
A Level балдары ҰБТ балдарына Қазақстан тарихы, Оқу сауаттылығы бойынша ҰБТ тапсырып, бейіндік пәндері сәйкес келген жағдайда ғана ауыстырылады.

‼️Балдардың шкалаға сәйкес болуы МАҢЫЗДЫ. Толығырақ кестеде көрсетілген.

Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу