KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
IELTS ЖӘНЕ TOEFL БАЛДАРЫН ҰБТ БАЛДАРЫНА АУЫСТЫРУ ШКАЛАСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ 13.06.2023

IELTS ЖӘНЕ TOEFL БАЛДАРЫН ҰБТ БАЛДАРЫНА АУЫСТЫРУ ШКАЛАСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

2.jpg

3.jpg

IELTS және TOEFL халықаралық стандартталған сертификаттарының балдарын ҰБТ балдарына ауыстыру шкаласы жарияланды.

Жоғары оқу орындарына қабылдау ережелеріне сәйкес IELTS және TOEFL халықаралық сертификаттары бар талапкерлер өз нәтижелерін «Ағылшын тілі» пәні бойынша ҰБТ балдарына ауыстыра алады.

«Бұған дейін талапкерлерге IELTS балдары 6.0-ден жоғары болса ғана, «Ағылшын тілінен» 45 балл берілетін. Алайда, көптеген талапкерде, ағылшын тілін жақсы деңгейде меңгергендігін растайтын белгіленген балдан төмен IELTS сертификаттары бар болды. Сондықтан түлектер мен сарапшы мамандардың пікірін ескере отырып, биыл ҰБТ-да нәтижесі 5.5 IELTS сертификаттарын – 41, ал 5.0 балын 37 балға ауыстыру туралы шешім қабылданды. TOEFL сертификаттарының нәтижелерін ауыстыру бойынша да дәл осындай өзгерістер енгізілді . Бұл жаңалық «Ағылшын тілін» өзінің бейіндік пәні ретінде таңдаған тест тапсырушылардың жалпы нәтижелеріне оң әсерін тигізеді деп ойлаймын», - деп атап өтті ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министр Қуаныш Ерғалиев.

Айта кетейік, IELTS және TOEFL халықаралық сертификаттарын ауыстыру жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары білім беру гранттарын тағайындау конкурсына өтініш берген немесе ақылы негізде оқуға қабылдау кезінде жүзеге асырады.




Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу