KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
2023 жылғы негізгі ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ басталды 19.05.2023

2023 жылғы негізгі ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ басталды

Бұл ҰБТ-ға республика бойынша екі мүмкіндікті есепке алғанда 305 мыңға жуық өтініш қабылданды.
Оның ішінде тест тапсырушылардың 75%-ы  қазақ тілінде, 25% -ы орыс тілінде, 243 адам ағылшын тілінде ҰБТ-ға қатысуға өтініш білдірді.
Тестілеу 5 шілдеге дейін өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, түлектердің өтініштері мен қалауларын ескере отырып, грантқа үміткерлерге ҰБТ-ны тапсыруға  екі мүмкіндік берілді. Бұл ретте әр талапкер тестілеуді екі рет тапсырып, ең жақсы нәтижемен грант конкурсына қатыса алады.

Ең жоғары балл – 140, ал тестілеудің жалпы уақыты – 4 сағат (240 минут).

Білім беру салалары бойынша 2023 жылғы шекті балдар:
«Құқық» – кемінде 75 балл;
«Педагогикалық ғылымдар» – кемінде 75 балл;
«Денсаулық сақтау» – кемінде 70 балл;
«Ауыл шаруашылығы және биоресурстар, «Ветеринария» – кемінде 60 балл.
Сондай-ақ Ұлттық жоо-ларға – кемінде 65 балл, ал басқа жоо-ларға – кемінде 50 балл.
ӘР ПӘН БОЙЫНША ШЕКТІ БАЛЛ – 5 БАЛЛ.
‼️МАҢЫЗДЫ: Әр ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ білім беру бағдарламары тобы бойынша өз шекті балын белгілейді.

Академиялық адалдықты қамтамасыз ету мақсатында ҰБТ «1 компьютер-2 камера-1 тестіленуші» қағидаты бойынша жүргізіледі. Айта кетейік, талапкерде тестілеуге кіргізу барысында тыйым салынған заттар анықталса, ол әрі қарай ҰБТ тапсыруға жіберілмейді. Сондықтан мұқият болуларыңызды сұраймыз.

Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу