Ұлттық тестілеу орталығының өкілдері Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ұйымдастырған «Жетілдіру және ынталандыру» атты монографияның ашылуына қатысты
3 мамыр күні Ұлттық тестілеу орталығының өкілдері @altynsarin_akademiasy ұйымдастырған «Жетілдіру және ынталандыру» атты монографияның тұсаукесеріне және Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана филиалының ашылуына қатысты.
Айта кетейік, ҚР-ның ұлттық білім беру жүйесіндегі бағалау мәселелеріне арналған «Жетілдіру және ынталандыру» монографиясы Ұлттық тестілеу орталығының 30 жылдығына орай шығарылған. Бұл ғылыми жұмыс бұған дейін жарық көрген «Өлшеу және бағалау» монографиясының жалғасы. Оның авторлары – Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының қызметкерлері педагогика ғылымдарының кандидаты И. Ө. Сағындықов, С. К. Жұмажанова және ҰТО қызметкерлері А. Ж. Әуезханова және М. Ш. Тасболатова. Ғылыми еңбек білім беру және педагогика салаларының мамандарына қолдануға ұсынылады.
Біздің Орталық аталған іс-шараға қатысуға шақырғандары үшін @altynsarin_akademiasy-на алғысын білдіреді.