KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
 Қандастар үшін (ұлты қазақ шетел азаматтары) 02.05.2023

Қандастар үшін (ұлты қазақ шетел азаматтары)

Қазақстандық жоғары оқу орындарына оқуға түсу үшін сіздер ҰБТ-ны жылына 4 рет тапсыра аласыздар: НАУРЫЗ, МАМЫР-МАУСЫМ (негізгі ҰБТ деп аталып, қатысуға 2 мүмкіндік беріледі) және ТАМЫЗ айларында.
Бұл ретте НАУРЫЗ және ТАМЫЗ айларындағы ҰБТ ақылы бөлімге түсу үшін, ал негізгі ҰБТ грант конкурсына қатысу үшін өткізіледі.

2023 жылғы негізгі ҰБТ-ға тіркелу 28 сәуір мен 6 мамыр аралығында 1 мүмкіндікке, 7-14 мамыр аралығында 2 мүмкіндікке app.testcenter.kz сайтында онлайн жүргізіледі.
Сіздерге тестілеу ОФЛАЙН форматта ҚАЗАҚСТАНДА өтеді.

ҰБТ-ға қалай өтініш беремін?

ЖСН-ы бар қандастар оны жазып, іздеу батырмасын басады (тегі, аты және әкесінің аты автоматты түрде шығады) және байланыс телефоны нөмірін (міндетті түрде) көрсетеді.

ЖСН-ы жоқ қандастар тестілеуге тіркелу үшін «ҚР ЖСН-ы жоқ» батырмасын таңдап, барлық мәліметті енгізеді (ТАӘ (кириллица), ұлты, азаматтығы, туған күні, құжат нөмірі, байланыс телефоны).
Әрі қарай «Сақтау» батырмасын басады, осы іс-әрекеттер орындалған соң ҰБТ-ға тіркелу үшін 12 сандық код тағайындалады.

Тіркеліп болғаннан кейін, тестілеуге өтініш беру қадамы басталады.

Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу