KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
Өткен жылғы мектеп және колледж түлектері үшін 29.04.2023

Өткен жылғы мектеп және колледж түлектері үшін

Егер қазіргі таңда сіз жоғары оқу орнында оқып жатсаңыз, бірақ биылғы негізгі ҰБТ-ға қатысып, қайтадан 1 курсқа түскіңіз келсе, онда мына бір ақпаратты біліп жүріңіз: Сіздерге ҰБТ-ға қатысу үшін міндетті түрде университеттен шығудың қажеті жоқ. Жоғары оқу орнында оқып жатып, ҰБТ тапсыра беруге болады. Алайда тестілеуден тиісті балдарды жинап, грант конкурсына өтініш беретін кезде студент ретінде ешқандай университетте тіркелмеген болуыңыз керек. Қайталап өтейік, ҰБТ ТАПСЫРУ КЕЗІНДЕ университетте оқи беруге БОЛАДЫ, ГРАНТ КОНКУРСЫНА ҚАТЫСАТЫН КЕЗДЕ – БОЛМАЙДЫ. Сондай-ақ, естеріңізге сала кетейік, басқа БББТ-ға ауысуға ниетті шығармашылық мамандықтардың студенттері мен ақылы негізде «педагогикалық ғылымдар» білім беру саласына ауысуға ниетті студенттер тек ҚАҢТАР және ТАМЫЗ айларындағы ҰБТ-ға қатыса алады. Ақпарат сіздерге пайдалы болды ма? Кері байланыс күтеміз!

Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу