KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
Ұлттық тестілеу орталығының филиал қызметшілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша семинар өткізілді 03.05.2023

Ұлттық тестілеу орталығының филиал қызметшілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша семинар өткізілді

2023 жылдың 16 мамыр мен 5 шілде аралығында аймақтық тестілеу орталықтарында өткізілетін электронды ҰБТ-ға жұмылдырылатын Ұлттық тестілеу орталығының филиал қызметшілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша семинар өткізілді.
Іс-шараның мақсаты сыбайлас жемқорлық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың алдын алу және болдырмау, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және ҚР мемлекеттік қызметі туралы» заңнамасын бұзушылықтарға жол бермеу болып табылады.
Семинарда Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алдын алу қызметінің аса маңызды істер жөніндегі офицері Жылкышиева Жазира Жаксылыковна баяндама жасады.
Семинарға қатысушылар аталған тақырып бойынша пікірлерін білдіріп, тиімді нәтижелерге қол жеткізу үшін өз ұсыныстарын айтты.

Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу