2023 жылғы НАУРЫЗ АЙЫНДАҒЫ ҰБТ аяқталды. Ол 10 наурыздан бастап 31 наурызға дейін жүргізілді.
Оның қорытынды мәліметімен барлығыңызды таныстырып өтсек:
Республика бойынша 111 мыңға жуық талапкер ҰБТ тапсырды. Оның ішінде түлектердің 75% - ы қазақ тілінде, 25% - ы орыс тілінде, 141 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті.
78% талапкер шекті балл жинады;
Орташа көрсеткіш 70 балды құрады;
Ең жоғары балл –136;
ҰБТ-ға 237ерекше білім беру қажеттілігі бар бала қатысты.
Тестіленушілердің басым бөлігі, яғни 19%-ы «Математика-Физика», 19%-ы «Биология-Химия» комбинацияларын таңдаған. IT бағыттарға түсуге қажетті жаңа «Математика-Информатика» комбинациясын ҰБТ-ға қатысушылардың 11%-ы тапсырған.
тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тестілеуден өту мүмкіндігінен 85 талапкер айрылды;
-тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 109 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды;
-бөгде тұлғалар анықталмады.
Сондай-ақ ҰБТ кезеңінде электрондық пошта, call-орталық, әлеуметтік желілер бойынша 30 мыңға жуық өтініш өңделді.
Естеріңізге сала кетейік, наурыз айындағы ҰБТ нәтижесімен ЖОО-ға тек ақылы бөлімге оқуға түсуге болады.