2023 жылғы Педагогтердің білімін бағалауда тек БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ЖҰМЫС ІСТЕП ЖАТҚАН ПЕДАГОГТЕР ЭССЕ жазады.
Яғни СІЗДІҢ қазіргі таңда жұмысыңыз бар болса, онда ЭССЕ ЖАЗАСЫЗ.
СҰРАҚ: Қашан жазамын?
ЖАУАП: Тестілеу аяқталғаннан кейін бірден дәл сол компьютерде жазасыз.
СҰРАҚ: Қай тілде жазамын?
ЖАУАП: Тестілеуді тапсырған тілде.
АЛ ЭССЕНІ ЖАЗБАЙДЫ:
-жұмыс тәжірибесі жоқ қызметкер – жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының түлегі (БАКАЛАВРИАТ НЕМЕСЕ МАГИСТРАТУРА ТҮЛЕГІ);
-қызметі жоқ қызметкер – техникалық немесе кәсіптік білім беру ұйымының түлегі (КОЛЛЕДЖ ТҮЛЕГІ);
-педагогикалық қызметті қайта жалғастырғысы келетін адам (БҰРЫН ЖҰМЫС ІСТЕП, КЕЙІН БЕЛГІЛІ СЕБЕПТЕРГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЖҰМЫС ІСТЕМЕГЕН, БІРАҚ ҚАЙТАДАН ЖҰМЫСҚА ТҰРҒЫСЫ КЕЛЕТІН ТҰЛҒА);
-Білім беру ұйымдарының басшылары.
Эссенің жалпы уақыты – 60 минут.
Сөз саны – 250-300 сөз.
Эссе бағаланбайды және педагогке біліктілік санатын бермеуге негіз бола алмайды.
Жазылған эссе педагогтің app.testcenter.kz сайтындағы жеке кабинетіне жіберіледі.