Бүгін елімізде 2023 жылғы наурыз айындағы Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды.
Бұл ҰБТ-ға республика бойынша 113 мыңға жуық өтініш қабылданды.
Тестілеу 31 наурызға дейін өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, наурыз айындағы ҰБТ нәтижесімен жоо-да тек ақылы негізде оқуға болады.
️МАҢЫЗДЫ: Тестілеуге жеке басын куәландыратын құжатпен кіргізеді (жеке куәлік немесе паспорт). Ұмытып кетпеңіздер!
Айта кетейік, тестілеу кезінде калькулятор, Менделеев және тұздар ерігіштігі кестелері барлық талапкер үшін компьютер экрандарында қолжетімді болады. Сондай-ақ ҰБТ қатысушыларына өздерімен қалам, су және шоколад алып келуге рұқсат етіледі.
Сіздерге сәттілік!
Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу