KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
Шұғыл ақпарат ! 07.03.2023

Шұғыл ақпарат !

Құрметті наурыз айындағы ҰБТ-ға қатысушылар!

Сіздерге 9 наурыз күні АТЫРАУ, АҚТӨБЕ, ТАЛДЫҚОРҒАН, АЛМАТЫ қаласында өткізілетін ҰБТ 14 наурыз сағат 08:00-ге ауыстырылатынын хабарлаймыз. Ақпарат тек 9 наурыз аталған қалаларда тест тапсыратын талапкерлерге арналған.

Сондай-ақ, 9, 10, 11, 13 наурызда АСТАНА, ШЫМКЕНТ қалаларында өтетін ҰБТ кейінгі күндерге шегіріледі. Осы қалалардың талапкерлеріне  қосымша ақпарат хабарланады. КҮТІҢІЗДЕР!

МАҢЫЗДЫ: Түлектер, ұялы телефондарыңызға келген sms-хабарлама мен жеке кабинетіңіздің «Менің іс-әрекетім» бөліміндегі ақпаратты тексеруді ұмытпаңыздар.

Орын алған келеңсіздіктер үшін кешірім сұраймыз!


Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу