Қаңтар айындағы ҰБТ басталғалы бері 57 мың адам тест тапсырды.
Оның ішінде:
талапкерлердің 78% – ға жуығы шекті балл жинады;
орташа балл – 70 балл;
ерекше білім беру қажеттілігі бар 93 бала қатысты.
Ереже бұзғаны үшін 93 адамның нәтижелері жойылды. Атап өтсек:
смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан 36 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды;
тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 57 адам шығарылды;
бөгде тұлғалар анықталған жоқ.
Қатысушылардың басым бөлігі, яғни 19%-ы «Математика-физика» және 18%-ы «Биология-Химия» пәндер комбинациясын таңдаған. Сондай-ақ IT бағыттарына түсуге қажетті жаңа «Математика-Информатика» комбинациясын ҰБТ-ға қатысушылардың 9%-ы тапсырған.
Естеріңізге сала кетейік, қаңтар айындағы ҰБТ 10 ақпанға дейін өтеді. Қорытынды мәліметтер сол уақытта жарияланады.