KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
Ұлттық тестілеу орталығы Алматы қаласында өткен «Білім және мансап-2022» атты ХХІ Қазақстандық халықаралық көрмесіне қатысты 28.11.2022

Ұлттық тестілеу орталығы Алматы қаласында өткен «Білім және мансап-2022» атты ХХІ Қазақстандық халықаралық көрмесіне қатысты

23-25 қараша аралығында Ұлттық тестілеу орталығы Алматы қаласында өткен «Білім және мансап-2022» атты ХХІ Қазақстандық халықаралық көрмесіне қатысты.
Халықаралық дәрежедегі білім көрмесі барысында үш күн бойы 2 500-нан астам Алматы облысы, Алматы және Қарағанды  қалаларының  колледж, лицей, мектеп бітірушілеріне ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жаңа форматтағы ҰБТ бағдарламасы бойынша тегін байқау сынақтары өткізілді.
Сондай-ақ, шара аясында Орталық директоры @ruslan_yemelbayev Алматы қаласының оқушыларымен  ҰБТ-2023 өзгерістері туралы кездесіп, жан-жақты ақпарат ұсынды.
Ұлттық тестілеу орталығы аталған іс-шараға қатысуға шақырғандары үшін «АТАКЕНТ-ЭКСПО» халықаралық көрме компаниясына алғысын білдіреді.

Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу