KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
Магистратураға түсуге арналған КТ-ға өтініштерді қабылдау 18 қарашаға дейін жалғасады 15.11.2022

Магистратураға түсуге арналған КТ-ға өтініштерді қабылдау 18 қарашаға дейін жалғасады

Магистратураға түсуге арналған КТ-ға өтініштерді қабылдау 18 қарашаға дейін жалғасады.
Бұл күннен кейін БАЗА ЖАБЫЛАДЫ. Асығыңыздар!
Бүгінгі танда республика бойынша 4 мыңнан астам өтініш келіп түсті.
Егер де Сізге КТ тапсыру қаласына немесе тіліне, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының тобына өзгеріс енгізу қажет болған жағдайда, база жабылғанға дейін Сізге өтінішті түзетуге мүмкіндік беріледі.
Тестілеу орны мен уақыты туралы ақпарат 22 қарашада Жеке кабинетіңізде «Менің іс-әрекетім» бөлімінде қолжетімді болады.
Айта кетейік, 7М10 «Денсаулық сақтау» білім беру саласына түсушілер тек ақылы негізде оқуға түсу үшін КТ-ға қатысуға өтініш бере алады.

Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу