2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫНАН БАСТАП ҰБТ-НЫҢ БЕЙІНДІК ПӘНДЕР КОМБИНАЦИЯСЫ ТІЗБЕСІНЕ «ИНФОРМАТИКА» ПӘНІ ЕНГІЗІЛЕДІ
2022-2023 оқу жылынан бастап ҰБТ-ның бейіндік пәндер комбинациясы тізбесіне «Информатика» пәні енгізілетінін хабарлаймыз.
Соған байланысты «Информатика мұғалімдерін даярлау», «Ақпараттық технологиялар», «Ақпараттық қауіпсіздік» білім беру бағдарламалары топтарына түсушілер ҰБТ-да Математика-Информатикадан» тест тапсырады.
ҰБТ-ның барлық бейіндік пәніне ұқсас Информатика бойынша да тестің құрылымы 35 тест тапсырмасынан тұрады.
Максималды балл – 45 (бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау ұсынылған).