2022 жылғы тамыз айындағы ҰБТ аяқталды.
Республика бойынша тестілеуге 19 мыңға жуық талапкер қатысты.
Жалпы нәтижелері төмендегідей:
талапкерлердің 54%-ға жуығы шекті балл жинады;
орташа балл – 58;
ең жоғары балл – 128;
тыйым салынған заттарды алып өту әрекету салдарынан тестілеуден өту мүмкіндігінен 39 талапкер айырылды;
тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 79 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды;
Сонымен қатар, апелляцияға 2 мыңнан астам өтініш қабылданды, нәтижесінде 2 тест тапсырмасы қанағаттандырылды.
Қатысушылардың басым бөлігі, яғни 21%-ы «Математика-Физика» және 20%-ы «Химия-Биология» пәндер комбинациясын таңдаған. Ең аз таңдалған пәндер комбинациясы – «Химия-Физика». Оны 39 түлек тапсырды.
Тамыз айындағы ҰБТ кезеңінде түсушілерден электрондық пошта, call-орталық, әлеуметтік желілер бойынша 10 мың өтініш келіп түсті. Олар өз уақытында өңделді.
Естеріңізге сала кетейік, тамыздағы ҰБТ сертификатымен жоо-ға тек ақылы бөлімге оқуға түсуге болады.