Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу аяқталды
Қайырлы күн, құрметті магистранттар!
Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу аяқталды. Осы орайда, Сіздерді КТ-ның қорытынды мәліметтерімен таныстырып өтсек:
Республика бойынша 43 мыңнан астам адам КТ тапсырды.
Оның ішінде:
42% тест тапсырушы шекті балл жинады;
Орташа көрсеткіш 71 балды құрады;
Ең жоғары балл – 140, оны бір қатысушы жинады.
Ереже бұзғаны үшін 328 адамның нәтижелері жойылды. Атап айтқанда:
тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тестілеуден өту мүмкіндігінен 176 оқуға түсуші айырылды;
тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 148 адам шығарылды;
постпрокторинг (бейнежазбаларды қайта қарау) қорытындысы бойынша 4 адамның нәтижесі жойылды.
Сонымен қатар, КТ-ға кіргізу кезінде FACE-ID жүйесі арқылы 4 бөгде тұлға анықталды.
Биыл апелляцияға 20 мыңнан астам өтініш қабылданды, нәтижесінде 121 тест тапсырмасы қанағаттандырылды.
КТ кезеңінде тест тапсырушылардан электрондық пошта, call-орталық, әлеуметтік желілер бойынша 40 мың өтініш келіп түсті. Олардың барлығы өз уақытында өңделді.
Кешенді тестілеуді өз білімдерімен тапсырған тестіленушілерді құттықтаймыз!