KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
ДОКТОРАНТУРАҒА ТҮСУ ЕМТИХАНДАРЫНА ТІРКЕЛУ 3 ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ЖАЛҒАСАДЫ 28.07.2022

ДОКТОРАНТУРАҒА ТҮСУ ЕМТИХАНДАРЫНА ТІРКЕЛУ 3 ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ЖАЛҒАСАДЫ

докторантураға түсу емтихандарына тіркелу app.testcenter.kz сайтында 3 тамызға дейін жалғасатынын естеріңізге саламыз.
Түсу емтихандарының өзі 20 тамызға дейін өтеді.
‼️Емтихан күні туралы ақпарат 9-10 тамызда Жеке кабинеттің «Менің іс-әрекетім» бөлімінде қолжетімді болады. Басқа хабарламалар жіберілмейді.
Бүгін Сіздерді докторантураға түсу емтихандарының форматымен таныстырып өтсек. Емтихандар екі кезеңде өткізіледі:
1.ЖОО-да емтихан комиссиясы өткізетін әңгімелесу – 20 балл (күнін ЖОО-дан нақтылайсыздар);
2.таңдалған қаладағы емтихандар
-эссе – 10 ұпай;
-докторантурада оқуға дайындығын анықтауға арналған тест – 30 балл;
-білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан – 40 балл.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде докторантураға түсу үшін шекті балл – 75 балл.
Сонымен қатар, болашақ докторанттар
ҚАЗТЕСТ сертификатын @kaztest_official;
шет тілін меңгергендігін растайтын сертификатты ұсынуы керек.
Ескерту. TOEFL ITP сертификаты бар тұлғалар ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеуді тапсырады (тіркелу 2 тамызға дейін). Қосымша тестілеу 8 тамызда өткізіледі.

Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу