Егер Сіз жоо-ға ақылы негізде оқуға түсуді жоспарлап отырған болсаңыз және қаңтар, наурыз айларындағы ҰБТ-ны тапсырып, шекті балл жинасаңыз, онда тамыз айындағы ҰБТ-ны тапсырудың қажеті жоқ. Сол сертификаттардың бірін ұсына аласыз.
Себебі ақылы негізде оқуға түсу үшін қаңтар, наурыз, тамыз айларындағы ҰБТ сертификатының кез келгені жарамды.
МАҢЫЗДЫ: бұл ретте шекті балдарды жинау қажет.
Сондай-ақ 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өткен негізгі ҰБТ нәтижесі грант конкурсына қатысу үшін де, ақылы негізде оқуға түсу үшін де жарамды екенін айта кетейік.
Өткен жылғы сертификаттар жарамсыз.