15 ШІЛДЕ МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУГЕ АРНАЛҒАН КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУГЕ ӨТІНІШ БЕРУДІҢ СОҢҒЫ КҮНІ
15 шілде магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге өтініш берудің СОҢҒЫ КҮНІ.
Ертең тіркелу сайты өтініштерді сағат 18:00-ге дейін қабылдайды. Одан кейін БАЗА ЖАБЫЛАДЫ.
АСЫҒЫҢЫЗДАР!
Тестілеу орны мен уақыты туралы ақпарат 18 шілдеде Жеке кабинетіңізде «Менің іс-әрекетім» бөлімінде қолжетімді болады.
Электронды поштаңызға немесе телефон нөміріңізге SMS-хабарлама жіберілмейді, сондықтан Жеке кабинетіңіздегі ақпаратты өткізіп алмаңыздар.
Қосымша сұрақтарыңыз болса, магистратура бөліміне келесі нөмірлер бойынша хабарласа аласыздар: 8 (7172) 69-50-97, 69-50-98, 69-52-73