KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАНДАР ТУРАЛЫ 21.06.2022

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАНДАР ТУРАЛЫ

Шығармашылық білім беру бағдарламаларын таңдаған талапкерлер!
Шығармашылық емтихандарға құжаттарды қабылдау басталды. Шығармашылық емтиханға қатысу үшін және қосымша сұрақтар бойынша ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНА ХАБАРЛАСУ ҚАЖЕТ.
Шығармашылық емтиханға қатысу үшін өтініш беру ЖОО арқылы ағымдағы жылғы 20 маусым мен 7 шілдесі аралығында жүзеге асырылады. Әрбір жоо емтихан тапсыру мерзімін дербес айқындайды.
Грант конкурсына қатысу үшін емтихандарды 13 шілдеге дейін,
Ақылы оқуға түсу үшін 20 тамызға дейін тапсыру керек.
Емтихандар дәстүрлі форматта, яғни офлайн өткізіледі.
Шығармашылық емтиханның нәтижелері бойынша оқуға түсушіге шығармашылық емтиханды ТАПСЫРУ ОРНЫНА ҚАРАМАСТАН, конкурсқа қатысу немесе жоо-ға ақылы негізде түсу үшін ведомостан үзінді беріледі.
Бес пән бойынша ҰБТ тапсырған талапкерлер (Қазақстан тарихы және Оқу сауаттылығы балдарын алып) шығармашылық дайындықты талап ететін ББТ-ны таңдай алады.

Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу

/press-tsentr/novosti/