«Қазақ тілі», «Орыс тілі», «Ұйғыр тілі», «Өзбек тілі», «Тәжік тілі» пәндері бойынша жазбаша емтихан
Тапсырмалар жаңартылған мазмұн бойынша (оқыту тілі) жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сыныптарына арналып әзірленді.
Емтихан жұмысы екі бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлім екі мәтінмен жұмыс істеуді қамтиды (мәтіндердің жалпы көлемі – 600-650 сөз). Мәтіндер негізінде білім алушылар 15 сұраққа жауап береді, оның ішінде: бірнеше жауапты таңдайтын 10 сұрақ және қысқа және толық жауапты талап ететін 5 сұрақ. Емтихан жұмысының бірінші бөлімінде білім алушылардың ұсынылған мәтіндер негізінде құрастырылған сұрақтарға жауап беру, өз жауабын дұрыс құру, өз көзқарасын білдіру, қорытынды жасау, тиісті лексиканы, грамматикалық құрылымдарды қолдану қабілеті бағаланады. Жалпы ұпай саны – 20.
Екінші бөлімде жаратылыстану-математикалық бағыттағы сыныптарда білім алушылар бір жазбаша жұмыс – эссе (200-250 сөз) жазады. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сыныптарда білім алушылар ұсынылған үш тапсырмадан бір тапсырманы таңдайды, онда 200-250 сөзден тұратын жазбаша жұмыс (мақала, эссе, көпшілік алдында сөйлеу, рецензия және басқалар) жазу қажет.
Тапсырма оқушылардың белгілі бір мақсатты аудиторияға мәтін жазу, тақырыпқа сәйкес идеяларын нақты жеткізу, дәлелдер келтіру, тиісті лексиканы, грамматикалық құрылымдарды, стильді қолдана отырып, дәйекті және сенімді түрде жазу қабілетін бағалайды. Жалпы ұпай саны – 20.