Тапсырмалар жалпы орта білім беру деңгейінің жаңартылған мазмұндағы екі бағыты бойынша жеке құрастырылды: жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық.
Емтихан жұмысы 2 бөлімнен тұрады.
А бөлімінде ұсынылған бес жауаптан бір дұрыс жауапты таңдайтын 15 тапсырма бар. Тапсырмалар 1 балмен бағаланады.
В бөлімінде қысқа немесе жан-жақты толық жауаптарды қажет ететін 10-12 тапсырма бар. Тапсырмалар 2-8 баллмен бағаланады.
Оқушылар математикалық құралдарды қолдана алады: сызғыш және циркуль. Калькуляторды пайдалануға рұқсат етілмейді.