Емтихан билеттер бойынша өткізіледі. Барлығы 30 билет, әр билетте үш сұрақ беріледі, оларға білім алушылар ауызша жауап береді. Тапсырмалар жаңартылған мазмұн бойынша жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сыныптарына арналып әзірленді.
Білім алушылар әлеуметтік-экономикалық қатынастардың ерекшеліктерін, мемлекеттің дамуы мен Қазақстан мәдениетінің білетіндіктерін және түсінетіндіктерін көрсетеді.
Емтихан жұмысы білім алушылардың билет бойынша сұрақтарға жауап беру, өз жауабын дұрыс құру, өз көзқарасын білдіру, қорытынды жасау, тиісті лексиканы пайдалану білігін бағалайды.