KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
Достар! Негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініштерді қабылдауды бастаймыз! 28.04.2022

Достар! Негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініштерді қабылдауды бастаймыз!

Тіркелу: 2022 жылғы 28 сәуір (18:00) мен 14 мамыр аралығында app.testcenter.kz сайтында.
ҰБТ өткізу мерзімі: 2022 жылғы 16 мамыр - 5 шілде.
Тестіленушілер ҰБТ-ға тіркелу кезінде тестілеуден өту ОРНЫН, КҮНІН және УАҚЫТЫН өздері таңдайды.

Естеріңізге сала кетейік, аталған кезеңде Сіз тестілеуді 2 рет тапсыра аласыз және ең үздік нәтижемен білім беру грантын тағайындау конкурсына қатыса аласыз.

✅Бұл ҰБТ-ға қатыса алады:
✔️орта білім беру ұйымдарының 2022 жылғы түлектері;
✔️орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері мен техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері;
✔️жоғары білімнің қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері;
✔️ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін халықаралық алмасу желісі бойынша шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ тұлғалар;
✔️ЖОО-ға күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылдау үшін ҰБТ нәтижесі бойынша шекті балл алмаған, ҰБТ нәтижелері жойылған, бейінді пәндер комбинациясы сәйкес келмейтін ҰБТ нәтижелері бар тұлғалар.
Ағымдағы (2022) жылдың мектеп түлектері ҰБТ-ға ТЕГІН қатысады, қалған тұлғалар үшін тестілеуге қатысу құны – 4 230 теңге.


Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу