«ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ» ПӘНІ БОЙЫНША МАҢЫЗДЫ ОҚИҒАЛАРДЫҢ ХРОНОЛОГИЯЛЫҚ КЕСТЕСІ |
||
1. |
Б.з.б. ІІІ–ІІ мыңжылдықтың аралығы |
– Энеолит (мыс-тас дәуірі).
|
2. |
Б.з.б. ІІ мыңжылдықтың басы |
– Қола (мыс пен қалайының қосындысы) қорытуды меңгеру.
|
3. |
Б.з.б. І мыңжылдықтың басы |
– Темірді игеру басталды.
|
4. |
Б.з.б. I мыңжылдық |
‒ Сақ тайпалық одақтарының өмір сүрген мерзімі. |
5. |
Б.з.б. І мыңжылдық |
– Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы. |
6. |
Б.з.б. VІІІ ғ. |
‒ Қазақстан аумағындағы ең ежелгі сақ қорғандары. |
7. |
Б.з.б. ІІІ ғ. соңы |
‒ Көшпелі ғұн (хунну) тайпаларының билігіне Мөденің келуі. |
8. |
Б.з.б. 530 ж. |
‒ Сақ-массагеттердің парсы патшасы Кирді талқандауы. |
9. |
552–603 жж. |
‒ Түрік қағанатының өмір сүрген мерзімі. |
10. |
603–704 жж. |
‒ Батыс Түрік қағанатының өмір сүрген мерзімі. |
11. |
704–756 жж. |
‒ Түргеш қағанатының өмір сүрген мерзімі. |
12. |
751 ж. |
‒ Атлах (Талас) шайқасы. |
13. |
756–940 жж. |
‒ Қарлұқтар мемлекетінің өмір сүрген мерзімі. |
14. |
870 ж. |
– Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірге келген жылы. |
15. |
942-1212 жж. |
‒ Қарахан мемлекетінің өмір сүрген мерзімі. |
16. |
ІX ғ. соңы‒XI ғ. басы (ІX ғ. соңы‒XI ғ. ортасы) |
‒ Оғыз мемлекетінің өмір сүрген мерзімі. |
17. |
ХІ ғасыр. |
– Махмуд Қашғаридің өмір сүрген уақыты. |
18. |
ХІ ғасыр. |
– Жүсіп Баласағұнидің «Құтты білік» поэмасының жазылған мерзімі. |
19. |
ХІІ ғасыр. |
– Қожа Ахмет Йассауидің «Диуани Хикмет» еңбегінің жазылған мерзімі. |
20. |
960 ж. |
‒ Қарахан мемлекетінде ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялануы. |
21. |
XI ғ. басы‒XIII ғ. басы |
‒ Қыпшақ хандығының өмір сүрген мерзімі. |
22. |
1236/1237‒1242 жж. |
‒ Батудың Руське және Шығыс Еуропаға жорығы. |
23. |
XIV ғ. І жартысы |
‒ Өзбек ханның Алтын Ордада билік етуі. |
24. |
1465 ж. |
‒ Қазақ хандығының құрылуы. |
25. |
XVI ғ. басы |
‒ Қасым ханның билік еткен уақыты. |
26. |
XVI ғ. басы |
– «Қасым ханның қасқа жолы» заңдары шықты. |
27. |
1538‒1580 жж. |
‒ Хақназар ханның билік еткен уақыты. |
28. |
1582/1583‒1598 жж. |
‒ Тәуекел ханның билік еткен уақыты. |
29. |
XVI ғ. соңы–XVIІ ғ. басы |
– «Есім ханның ескі жолы» заңдары шықты. |
30. |
1628/1629–1652 жж. |
– Жәңгір ханның ел билеуі. |
31. |
1643 ж. |
‒ Орбұлақ шайқасы. |
32. |
1680‒1715/1718 жж. |
‒ Тәуке ханның билік еткен уақыты. |
33. |
ХVII ғ. соңы. |
‒ Тәуке ханның «Жеті жарғы» заңдар жинағы. |
34. |
1723 ж. |
‒ «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның» («Ұлы апат жылдары») басталуы. |
35. |
1726/1728 ж. |
‒ Бұланты шайқасы. |
36. |
1729/1730 ж. |
‒ Аңырақай шайқасы. |
37. |
1731 ж. |
– Кіші жүз қазақтарының бір бөлігі Ресейдің қол астына өтуі. |
38. |
1771‒1781 жж. |
‒ Абылайдың Қазақ хандығын басқарған жылдары. |
39. |
1783‒1797 жж. |
‒ Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс. |
40. |
1835–1865 жж. |
– Шоқан Уалихановтың өмір сүрген жылдары. |
41. |
1836‒1838 жж. |
‒ Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс. |
42. |
1837‒1847 жж. |
‒ Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс. |
43. |
1841 ж. |
‒ Бөкей хандығында қазақ балаларына арналған алғашқы зайырлы мектептің ашылуы. |
44. |
1841–1889 жж. |
– Ыбырай Алтынсариннің өмір сүрген жылдары. |
45. |
1845–1904 жж. |
– Қазақтың ұлы ақыны, ойшылы әрі ағартушысы Абай Құнанбаевтың өмір сүрген жылдары. |
46. |
1866–1937 жж. |
– Әлихан Бөкейхановтың өмір сүрген уақыты. |
47. |
1893 ж. |
– В.Томсен ежелгі түркі жазбаларының құпиясын ашты. |
48. |
1913‒1918 жж. |
‒ «Қазақ» жалпыұлттық газетінің шығуы. |
49. |
1916 ж. |
– Қазақстан және Орта Азиядағы ұлт-азаттық қозғалыс. |
50. |
1917 ж., шілде |
‒ «Алаш» партиясының құрылуы. |
51. |
1917 ж., желтоқсан |
‒ Орынборда ІІ жалпықазақ съезі. Алаш-Орда үкіметінің құрылуы. |
52. |
1918–1920 жж. |
– Қазақстандағы шетел интервенциясы мен Азамат соғысы. |
53. |
1920 ж. |
‒ Қырғыз (Қазақ) АКСР-нің құрылуы. |
54. |
1925 ж., сәуір |
‒ Қазақ Кеңестерінің V съезі өтіп, қазақ халқының тарихи атауы қалпына келтірілді. |
55. |
1925 ж. |
– Қазақ АКСР-i астанасын Орынбордан Қызылордаға көшірілуі. |
56. |
1928 ж. |
– Алғашқы жоғары оқу орны – Қазақ мемлекеттiк педагогикалық институтының ашылуы. |
57. |
1929 ж. |
– Қазақ АКСР-i астанасын Қызылордадан Алматы қаласына көшірілуі. |
58. |
1931-1932/1933 жж. |
‒ Күштеп ұжымдастыру жылдарындағы жаппай ашаршылық. |
59. |
1932 ж. |
‒ Ашаршылыққа байланысты, апаттың көлемі туралы «Бесеудің хатын» жазған республика қайраткерлері: Ғ. Мүсірепов, М.Ғатауллин, М.Дәулетқалиев, Е.Алтынбеков, Қ.Куанышев. |
60. |
1936 ж. |
– Қазақ АКСР-iнің одақтық республика болып қайта құрылуы (ҚазКСР). |
61. |
1937 ж. |
– Қазақ КСР Конституциясының қабылдануы. |
62. |
1939 ж. |
– Екінші дүниежүзілік соғыстың басталған жылы. |
63. |
1941 ж. |
– Ұлы Отан соғысының басталған жылы. |
64. |
1946 ж. |
– Қазақ КСР Ғылым академиясының құрылуы. |
65. |
1949 ж. |
– Семей ядролық полигонындағы алғашқы атомдық жарылыс. |
66. |
1949 ж. |
– М.Әуезовке «Абай» романы үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығының берілуі. |
67. |
1954 ж. |
– Тың және тыңайған жерлерді игерудің басталуы. |
68. |
1957 ж. |
– Экономикалық аумақтық ұстаным бойынша басқаруды қайта құру. |
69. |
1959 ж. |
– Теміртаудағы жұмысшылар толқуы. |
70. |
1961 ж. |
– «Байқоңыр» космодромынан тұңғыш ғарышкердің ұшырылуы. |
71. |
1960-1962, 1964-1986 жж. |
– Д. А. Қонаевтың Қазақ КСР Компартиясы ОК бiрiншi хатшысы қызметін атқарған жылдары. |
72. |
1963 ж. |
– Ядролық қаруларды атмосферада, ғарышта және су астында сынауға тыйым салу туралы келісімшарт. |
73. |
1969 ж. |
– Есік қорғанынан «Алтын адам» табылуы. |
74. |
1978 ж. |
– Қазақ КСР Конституциясының қабылдануы. |
75. |
1979 ж. |
– Целиноград қаласындағы Қазақстанда немiс автономиясын құруға қарсы наразылық шерулері. |
76. |
1986 ж. |
‒ Желтоқсан оқиғасы. |
77. |
1988 ж. |
– Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Дулатовтардың ақталуы. |
78. |
1989 ж. |
– Қарағанды шахтерлерiнiң ереуiлi. |
79. |
1989 ж. |
‒ О. Сүлейменов бастаған «Невада-Семей» экологиялық қозғалысының құрылуы. |
80. |
1989 ж. |
‒ «Тілдер туралы Қазақ КСР Заңының» қабылдануы, қазақ тілінің мемлекеттік тіл болып жариялануы. |
81. |
1991 ж. |
‒ Қазақтың тұңғыш ғарышкері Т. Әубәкіровтің ғарышқа ұшуы. |
82. |
1991 ж., 29 тамыз |
– Н.Ә. Назарбаевтың Семей ядролық полигонын жабу туралы жарлыққа қол қоюы. |
83. |
1991 ж. |
‒ Н.Ә. Назарбаевтың бүкілхалықтық сайлауда Қазақстан Президенті болып сайлануы. |
84. |
1991 ж. |
– Қазақ КСР-iнiң алтын қоры мен алмаз қорының құрылуы. |
85. |
1991 ж., 16 желтоқсан |
‒ Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңының қабылдануы. |
86. |
1992 ж. |
– Қазақтардың дүниежүзiлiк алғашқы құрылтайының өтуi (Алматы қ.). |
87. |
1992 ж., маусым |
‒ Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы мен Елтаңбасы бекітілуі |
88. |
1992 ж. |
‒ Қазақстан Республикасының БҰҰ-ға толыққанды мүше болып қабылдануы. |
89. |
1993 ж., қараша |
‒ Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы ‒ теңгенің енгізілуі. |
90. |
1995 ж. |
– Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы. |
91. |
1995 ж., 30 тамыз |
‒ Бүкілхалықтық референдумда Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясының қабылдануы (Конституция күні). |
92. |
1997 ж. |
‒ Жалпыұлттық татулық пен қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы. |
93. |
1997 ж. |
– Қазақстан Республикасының астанасы Алматы қаласынан Ақмола (Нұр-Сұлтан) қаласына көшірілуі. |
94. |
1999 ж. |
– ЮНЕСКО шешімімен Астана (Нұр-Сұлтан) қаласына «Бейбітшілік қаласы» мәртебесінің берілуі. |
95. |
2003 ж. |
‒ Астанада (Нұр-Сұлтан) әлемдік және дәстүрлі діндер өкілдерінің I съезі. |
96. |
2010 ж. |
‒ Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі. |
97. |
2011 ж. |
‒ Қазақстанда Азиаданың өткізілуі. |
98. |
2017 ж. |
‒ Қазақстанда дүниежүзілік ЭКСПО көрмесінің өткізілуі. |
99. |
2019 ж. |
‒ Астана қаласының атауы Нұр-Сұлтан болып өзгеруі. |
100. |
2019 ж. |
– Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануы. |
Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу