KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алу (магистратура) 10.12.2021

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алу (магистратура)

Ағымдағы жылғы 3-7 желтоқсан аралығында кешенді тестілеу өткізілді. Ағымдағы жылғы 10 желтоқсанда магистрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініш беру басталады.
Магистрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін түсуші 14 желтоқсан сағат 18:00-ге (жергілікті уақытпен)дейін кез келген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) виртуалды қабылдау комиссиясы арқылы тапсырады.
Магистратураға түсушілер өтініште білім беру бағдарламаларының бір тобын және 3 (үш) ЖЖОКБҰ-ға дейін көрсетеді.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алу үшін КТ және (немесе) түсу емтиханының және (немесе) шығармашылық емтихандар бойынша ең жоғары балл жинаған тұлғалар конкурстық негізде қабылданады:
1) оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін ғылыми-педагогикалық магистратура үшін, оның ішінде шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының топтары, араб тілін білуді талап ететін білім беру бағдарламалары топтары үшін – кемінде 75 балл;
2) оқыту ағылшын немесе тілінде қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін бейінді магистратура үшін – кемінде 50 балл.

Жүктеу: виртуальная ком декабрь.xlsx

Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу