KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
ҰБТ-ға дайындалу үшін тегін онлайн сабақтар 08.12.2021

ҰБТ-ға дайындалу үшін тегін онлайн сабақтар

2022 жылғы түлектермен игі бастамамызды жалғастыруға дайынбыз.

8 желтоқсаннан бастап тура ҰБТ өтетін күнге дейін республикалық ірі білім беру орталықтары Сіздерге тікелей эфирде әр пән бойынша ҰБТ-ға дайындалу үшін тегін онлайн сабақтар ұсынады.

Қай күндері және сағат нешеде?

Ол үшін төмендегі ақпаратқа мұқият назар аударайық!






Qazbilim– күн сайын сағат 20.00-де (Нұр-Сұлтан уақытымен) қазақ тілінде «Qazbilim.tv» YouTube арнасында ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ сабақтарын бастайды.

Educon Dostyq – әр сейсенбі сағат 19.00-де қазақ тілінде, ал сағат 20.00-де орыс тілінде «Dostyq Bilim» YouTube арнасында ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ сабақтарын бастайды.

Zerdeli – әр сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 20.00-де «Zerdeli.kz» YouTube арнасында ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ сабақтарын бастайды.

Sabaq online – әр сенбі сағат 15.00-де «Sabaq online» YouTube арнасында ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ сабақтарын бастайды.

Samga – жұма күні сағат 20.00-де «Samga online» YouTube арнасында ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ сабақтарын бастайды.

Daryn online – әр сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма күндері сағат 18.00-де «Daryn online» YouTube арнасында ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ сабақтарын бастайды.

P.s: Егер тікелей эфирді өткізіп алсаңыз, көңіл-күйіңізді түсірмеңіз, себебі барлық сабақтар сақталады.

Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу