KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
Құрметті магистратураға түсушілер! 26.08.2020

Құрметті магистратураға түсушілер!

Ағымдағы жылғы 27 тамызда магистрлерді даярлауға арналған мемлекеттік білім беру грантына өтініш беруге арналған конкурс басталды.
Магистрлерді даярлауға арналған мемлекеттік білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін түсуші 5 қыркүйек сағат 18:00-ге (жергілікті уақытпен) дейін кез келген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) виртуалды қабылдау комиссиясы арқылы:
1)жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2)жоғары білімі туралы құжатты (диплом және қосымша);
3)жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларымен бекітілген шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификатын, GRE, GMAT стандартталған тестін тапсыру туралы халықаралық сертификатын (бар болған жағдайда) (ҚР БҒМ 31.10.2018 жылғы № 600 бұйрығы) тапсырады;

Ұсынылатын сертификаттардың түпнұсқасы және жарамдылық мерзімі ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссияларымен тексеріледі.

Магистратураға түсуші өтініште бір білім беру бағдарламасының тобын және үш ЖЖОКБҰ-ны көрсетеді.

Өтініш беруде сәттілік тілейміз!

Виртуалды қабылдау ЖОО


Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу