KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
Магистратураға түсушілерге арналады 12.08.2020

Магистратураға түсушілерге арналады

Достар, өздеріңіз білетіндей, өтініш беру кезінде халықаралық тілдерді білу туралы сертификаттардың бары туралы мәліметтер көрсетілуі керек еді.

Пандемияға байланысты көбінде тапсыру мерзімінің кейінге қалдырылғанын (бос орындар болмай) немесе сертификаттар кеш келгенін түсінеміз.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жедел әрекет етуінің арқасында, бұл мәселе коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында шешілді.

Енді Сіз жоғары оқу орындарына оқуға қабылдаудың типтік ережелерімен (халықаралық деңгейде ҚР БҒМ 31.10.2018 № 600 бұйрығы) танылған шет тілдеріндегі халықаралық сертификаттарды 25 тамызға дейін қосымша тапсыра аласыз.


Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу