KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
ҰБТ-2020 (маусым) тапсыруға өтініш қабылдайтын  ЖОО жауапты хатшыларының контактілері  16.04.2020

ҰБТ-2020 (маусым) тапсыруға өтініш қабылдайтын ЖОО жауапты хатшыларының контактілері

Құрметті тестіленушілер! 2020 жылғы 20 сәуірден 10 мамырды қоса алғанда ҰБТ-ға (маусым) қатысу үшін өтініштер қабылданады.
Елде ТЖ режимі енгізілуіне байланысты қоғамдық орындарға баруды болдырмау мақсатында, ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштер қабылдаудың форматы өзгерді.
Өткен жылдардағы мектеп түлектері, колледж түлектері және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар, білім беру ұйымын шетелде аяқтаған тұлғалар ҰБТ-ға қатысу үшін алдын-ала онлайн өтініш беріп, өз құжаттарын жоғары оқу орнына карантин мерзімі аяқталған соң апарып тапсырады.
ҰБТ-ға қатысуға өтініш білдіру бойынша сұрақтар туындаған жағдайда, жоғары оқу орнының жауапты хатшысына хабарласа алады. Жоғары оқу орындары жауапты хатшыларының контактілері төмендегі сілтемеде берілген.
Одан бөлек, call center 8 8000 80 71 77 жұмыс істеуде, сонымен қатар, info@testcenter.kz қолдау қызметіне хат жолдауға немесе ҰТО-ның әлеуметтік желілеріне жазуға болады.

  • ҰБТ-2020 (маусым) тапсыруға өтініш қабылдайтын ЖОО жауапты хатшыларының контактілері


  • Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу