Наурыз айында өткізілетін ҰБТ мерзімі ауыстырылды!
Наурыз айында өткізілетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге (бұдан әрі – ҰБТ) 98 мыңнан аса адам өтініш берді.
Қазақстан Президенті Қ.К. Тоқаевтың коронавирустың енуі мен таралуын болдырмауға бағытталған шараларды күшейту бойынша тапсырмасын орындау мақсатында ағымдағы жылғы 24-29 наурызда өткізілетін ҰБТ-ны кейінірек мерзімде өткізуге шешім қабылданды. ҰБТ-ны өткізу мерзімі туралы ақпарат қосымша хабарланады.
Сонымен қатар, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ-ны өткізу үшін барлық дайындық жұмыстарын аяқтағандығын мәлімдейді.
Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу