KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
2020 жылғы наурыз айындағы ҰБТ туралы ақпарат 10.03.2020

2020 жылғы наурыз айындағы ҰБТ туралы ақпарат

Наурыз айында өткізілетін ҰБТ-ға өтініш қабылдау аяқталды.
Наурыз айында өткізілетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге (бұдан әрі – ҰБТ) өтініш қабылдау ағымдағы жылғы 1 - 15 ақпан аралығында республика бойынша 154 ҰБТ өткізу пунктерінде жүргізілді.
ҰБТ-ға қатысуға 98 мыңнан аса адамнан өтініш берілді. Мектеп бітіруші түлектер дәстүрлі әдіспен 92 мыңнан аса, ал онлайн тәртіпте 7 мыңнан аса өтініш берді.
Осы ҰБТ нәтижелері бойынша тестіленуші шекті балын алған жағдайда жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсуге мүмкіндігі бар.
Онлайн тәртіпте ҰБТ деректер базасына тіркелген оқушылар тестілеуге жеке басын куәландыратын құжаты арқылы және «Face ID» тексеруімен өтеді. Ал ҰБТ өткізу пункттері арқылы ҰБТ-ға өтініш берген оқушылар тестілеуге жеке басын куәландыратын құжаты мен рұқсаттамасы арқылы жіберіледі.
ҰБТ барысында тестіленушілердің ұялы байланыс құралдарын алып кіруіне тыйым салу мақсатында ҰБТ өткізу пунктерінің ғимаратына кіреберісте, металліздегіш құралды қолдану кезінде тестілеуге тыйым салынған заты табылған тестіленуші ҰБТ-ға кіргізілмейді және актпен ғимараттан шығарылады.

Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу