KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы

ЖАЛПЫ АҚПАРАТ

ҚАЗТЕСТ жүйесі - Қазақстан Республикасы азаматтарының және Қазақстан Республикасы аумағында әртүрлі қызмет түрлерімен айналысатын шетел азаматтарының қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі ретінде 2006 жылы Ұлттық тестілеу орталығының базасында құрылған. 

ҚАЗТЕСТ – халықаралық тілдік білімді бағалау жүйелерінің, атап айтсақ, TOEFL, IELTS (ағылшын тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі), TÖMER (түрік тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі), ТРКИ (орыс тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі) сияқты жүйелердің қағидаттары мен талаптарына негізделген, азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалаудың отандық жүйесі.

ҚАЗТЕСТ жүйесі қызметінің негізгі бағыттарының бірі – тест тапсырмаларын әзірлеу  және оларды қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау мақсатында тестілеу өткізу үшін қолдану.

ҚАЗТЕСТ ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША ТЕСТІЛЕУ

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеуді Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны өткізеді.

ҚАЗТЕСТ тестілеуінің екі түрі бар: диагностикалық және сертификаттық.

ҚАЗТЕСТ тестілеуі қағаз немесе электронды форматта өткізіледі.

ҚАЗТЕСТ жүйесінде тестілеу түріне байланысты 4 блок бойынша тест тапсырмалары пайдаланылады:

Тыңдалым блогы – диалогтар және монологтарды есту арқылы түсінгенін анықтауға арналған тест тапсырмалары.

Оқылым блогы – әртүрлі мазмұнды, түрлі стильдегі мәтіндерді оқу барысында түсінгенін тексеруге арналған тест тапсырмалары.

Жазылым блогы – берілген сурет бойынша өз ойын жазу және берілген тақырып бойынша эссе жазу.

Айтылым блогы – әртүрлі тақырыптарда берілген сұрақтар/жағдаят бойынша өз ойын айтып жеткізу ұсынылады.

Диагностикалық тестілеу ұзақтығы – 1 сағат 10 минут. Диагностикалық тестілеу 60 тест тапсырмаларынан тұратын келесі блоктарды қамтиды:

Тыңдалым – 20 тапсырма (20 минут);

Оқылым – 40 тапсырма (50 минут);

Сертификаттық тестілеу ұзақтығы – 2 сағат 7 минутты құрайды. Сертификаттық тестілеу Тыңдалым, Оқылым блоктары бойынша 60 тест тапсырмасынан, Жазылым блогы бойынша 2 жазбаша тапсырмадан және Айтылым блогы бойынша 2 ауызша тапсырмадан тұрады:

Тыңдалым – 20 тапсырма (20 минут);

Оқылым – 40 тапсырма (50 минут);

Жазылым – 2 тапсырма (50 минут);

Айтылым – 2 тапсырма (7 минут);

Бір тест үлгісімен сертификаттық тестілеуіне қатысушы белгілі бір деңгейдің сертификатын алу үшін әр блок бойынша дұрыс жауаптардың 30%-дан 80% аралығындағы пайыздық шекті балды жинауы қажет. 

Блоктар

Maксималды балл

А1

А2

В1

В2

С1

1

Тыңдалым

20 балл

min

6 балл (30%)

min

8 балл (40%)

min

10 балл (50%)

min

12 балл (60%)

min

16 балл (80%)

2

Оқылым

40 балл

min

12 балл (30%)

min

16 балл (40%)

min

20 балл (50%)

min

24 балл (60%)

min

32 балл (80%)

3

Жазылым

50 балл

min

15 балл (30%)

min

20 балл (40%)

min

25 балл (50%)

min

30 балл (60%)

min

40 балл (80%)

4

Айтылым

50 балл

min

15 балл (30%)

min

20 балл (40%)

min

25 балл (50%)

min

30 балл (60%)

min

40 балл (80%)

Жалпы

160 балл

 (100%)

min

48 (30%)

min

64 (40%)

min

80 (50%)

min

96 (60%)

min

128 (80%)


Жаңа форматтағы диагностикалық тестілеуді межелік бағалау

Блоктар

Maксималды балл

А1

А2

В1

В2

С1

1

Тыңдалым

20 балл

min

6 балл

(30%)

min

8 балл (40%)

min

10 балл (50%)

min

12 балл (60%)

min

16 балл (80%)

2

Оқылым

40 балл

min

12 балл (30%)

min

16 балл (40%)

min

20 балл (50%)

min

24 балл (60%)

min

32 балл (80%)

Жалпы

max

60 балл (100%)

min

18 балл (30%)

min

24 балл (40%)

min

30 балл (50%)

min

36 балл (60%)

min

48 балл (80%)

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша сертификаттық тестілеу төлемақысы – 8263 теңге. Онлайн төлем – cabinet.testcenter.kz .

ҚАЗТЕСТ тестілеуіне өтініш беру:

1) жеке тұлғалар үшін app.testcenter.kz интернет ресурсы арқылы;

2) заңды тұлғалар үшін Кәсіпорынның кеңсесіне ресми хат жолдау арқылы жүзеге асырылады.

Тестілеу нәтижесі

Диагностикалық тестілеу нәтижесі жеке тұлғаларға анықтама (тегі, аты, ЖСН көрсетілген) түрінде, ал заңды тұлғаларға тестілеу нәтижелерінің тізімі түрінде ұсынылады.

Сертификаттық тестілеу нәтижесі жеке тұлғаларға деңгейді растағанда сертификат (тегі, аты, ЖСН көрсетілген), ал деңгейді растамағанда әр бөліктен жинақтаған балл саны көрсетілген анықтама түрінде беріледі. Заңды тұлғаларға тестілеу нәтижелерінің тізімі ұсынылады.

Жеке тұлғаларға диагностикалық және сертификаттық тестілеу нәтижелерін app.testcenter.kz интернет ресурсындағы жеке кабинеті арқылы жүктеп алу мүмкіндігі беріледі.

Заңды тұлғаларға диагностикалық және сертификаттық тестілеу нәтижелерінің тізімдерін Ұлттық тестілеу орталығы электронды құжат айналым жүйесі арқылы немесе пошта қызметі арқылы жолдайды.

ҚАЗТЕСТ сертификатының берілген күннен бастап жарамдылық мерзімі:

•     2022 жылғы 1 қаңтарға дейін сертификат алғандар үшін: А1 – 2 жыл; А2 – 2 жыл; В1 – 3 жыл; В2 – 3 жыл; С1 – 5 жыл.

•     2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 15 қазанға дейін сертификат алғандар үшін: А1 – 2 жыл; А2 – 2 жыл; В1 – 2 жыл; В2 – 3 жыл; С1 – 3 жыл.

•     2024 жылғы 15 қазаннан бастап жаңа формат бойынша бір тест үлгісімен сертификат алғандар үшін: 2 жыл.

ҚАЗТЕСТ КОНТИНГЕНТІ

Сертификаттық тестілеу:

•     2008 жылдан бастап – «Болашақ» халықаралық стипендиясының үміткерлері;

•     2011 жылдан – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ қызметкерлері;

•     2014 жылдан – ҚР ҰҚК Академиясының үміткерлері;

•     2019 жылдан – «Haileybury» халықаралық мектептерінің оқушылары;

•     2021 жылдан – Президенттік жастар кадр резервінің үміткерлері;

•     2022 жылдан – ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына түсушілері;

•     2022 жылдан – ҚР ЖОО-ның докторантурасына түсуші тұлғалар.

Диагностикалық тестілеу:

•      мемлекеттік қызметшілер;

•      мемлекеттік қызмет көрсету саласының қызметкерлері;

•      ұлттық компаниялар мен холдингтердің қызметкерлері;

•      мемлекеттік емес мекемелердің қызметкерлері,

•      күш құрылымдары қызметкерлері.

ҰЛТТЫҚ СТАНДАРТ

Өз қызметінде ҚАЗТЕСТ жүйесі көптеген нормативтік құқықтық құжаттарды басшылыққа алады. Соның ішінде Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктерінің Ұлттық стандарттарының маңызы ерекше (ҚР СТ 1925-2023; ҚР СТ 1926-2023; ҚР СТ 1927-2023; ҚР СТ 1928-2023; ҚР СТ 1929-2023). Бұл стандарттардың 1-3 басылымдары  2009, 2015, 2023 жылдары бекітілді.

2023 жылғы стандарттар Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің (Мемстандарт) тапсырысымен басып шығарылды, қолданылу мерзімі 2028 жылға дейін.

Ұлттық стандарт тілді оқыту мен меңгеру деңгейін бағалауды жүйелейтін бірден-бір нормативті кұжат болып табылады. 

Ұлттық стандарттар негізінде қазақ тілін оқытудың мазмұны мен деңгейлер бойынша көлемі анықталды; қазақ тілін меңгерудің деңгейлік талаптары жүйеленді; тіл меңгерудің деңгейлері бойынша бағалау құралдарының мазмұны анықталды.    

ҚАЗТЕСТ тестілеуіне экономиканың әртүрлі салаларынан үміткерлер қатысады, сондықтан тілдік білім мен дағдыларды тәуелсіз бағалау мақсатында тест тапсырмалары объективті және кең спектрлі болып келеді.

ҚАЗТЕСТ жүйесінде қалыптастырылған тест тапсырмалар мазмұны Ұлттық стандарттармен реттелген.

Ұлттық стандарттарды келесі сілтемелер арқылы сатып алуға болады:

•      https://new-shop.ksm.kz/catalog/STRK_1926-2023/?sphrase_id=500844

•      https://new-shop.ksm.kz/catalog/STRK_1928-2023/?sphrase_id=500846

•      https://new-shop.ksm.kz/catalog/STRK_1929-2023/?sphrase_id=500847

•      https://new-shop.ksm.kz/catalog/STRK_1925-2023/?sphrase_id=500848

•      https://new-shop.ksm.kz/catalog/STRK_1927-2023/?sphrase_id=500845

"ҚАЗТЕСТ" қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі бойынша қағидаларды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 23 қыркүйектегі № 458 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 25 қыркүйекте № 35109 болып тіркелді


ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша оқу-әдістемелік құралы   

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау тестілеуіне дайындық үшін (ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша) 5 деңгейлік «Тіл-құрал» оқу-әдістемелік құралын ұсынады.

Оқу-әдістемелік құрал қазақ тілін екінші тіл ретінде үйренушілерге, ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тест тапсырушыларға, сондай-ақ оқытушылар мен әдіскерлерге, жоғары оқу орындарының студенттеріне және жалпы тіл үйренушілерге арналған.

Аталған оқу-әдістемелік құралды Ұлттық тестілеу орталығының өңірлердегі филиалдары мен Астана қаласы бойынша 8(7172) 695101, 695285, 965296 номерлеріне хабарласып, https://cabinet.testcenter.kz/ ресми сайтында онлайн төлем жасау арқылы алуға болады.