8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратурада білім алу үшін конкурс нәтижелері
Мектеп түлектері мен талапкерлергеБілім беру гранттарын беру бойынша конкурс

Білім беру гранттарын беру бойынша конкурс

Білім беру гранты – жоғары білім алуға ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шарттармен білім алушыға берілетін ақшаның нысаналы сомасы

Республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттары талапкерлер өтініш білдірген нақты мамандықтар, тіл бөлімдері мен оқу нысандары бойынша мамандықтар кезектілігіне сәйкес білім беру грантын беру туралы куәлікті берумен қоса ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) немесе кешенді тестілеу (бұдан әрі – КТ) сертификаттарының балдарына сәйкес конкурстық негізде беріледі.

Конкурсқа қатысу үшін ұлттық ЖОО-ға түсуге, шығармашылық емтихандар тапсыруды талап ететін мамандықтарға түсушілерді қоспағанда, тестілеу нәтижелері бойынша – кемінде 65 балл, "Білім беру", "Ауыл шаруашылығы ғылымдары" және "Ветеринария" мамандықтары топтары бойынша – кемінде 60 балл, басқа ЖОО-ға – кемінде 50 балл, "Жалпы медицина" мамандығы бойынша – кемінде 65 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқыту тілі бойынша – кемінде 5 балл және әр бейіндік пәннен кемінде 5 балл жинау қажет.

Шығармашылық емтихандар тапсыруды талап ететін мамандықтар бойынша конкурсқа қатысу үшін ұлттық ЖОО-ға түсуге тестілеу және шығармашылық емтихан нәтижелері бойынша – кемінде 65 балл, ал "Білім беру" мамандықтарының тобы бойынша – кемінде 60 балл, басқа ЖОО-ға – кемінде 50 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы – оқыту тілі бойынша – кемінде 5 балл және әрбір шығармашылық емтихан бойынша – кемінде 5 балл жинау қажет.

Шығармашылық емтихандар тапсыруды талап ететін мамандықтарға түсушілерді қоспағанда, жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсушілерге конкурсқа қатысу үшін тестілеу нәтижелері бойынша – кемінде 25 балл, оның ішінде жалпы бейіндік пән бойынша – кемінде 5 балл және бейіндік пән бойынша – кемінде 5 балл жинау қажет.

Шығармашылық емтихандар тапсыруды талап ететін мамандықтарға жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсушілерге конкурсқа қатысу үшін тестілеу және шығармашылық емтихан нәтижелері бойынша – кемінде 25 балл, оның ішінде шығармашылық емтихан бойынша – кемінде 5 балл және бейіндік пән бойынша – кемінде 5 балл жинау қажет.

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін талапкер жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына тапсырады:

  • белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш;

  • білімі туралы құжат (түпнұсқа);

  • ҰБТ немесе ТКТ сертификат;

  • 3x4 көлеміндегі екі фотосурет;

  • 086-У нысаны бойынша медициналық анықтама;

  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін азамат өтініште өзі таңдаған мамандық пен ЖОО-ны көрсетеді.

Бейіндік пәндер сәйкес келген жағдайда азамат төрт мамандықты көрсете алады.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын алуға арналған конкурсқа қатысу үшін өтініштер 18 – 26 шілде аралығында қабылданады.

Республикалық комиссияның отырысы 27 шілде мен 5 тамыз аралығында өткізіледі.

Білім гранты иегерлерінің тізімі Ұлттық тестілеу орталығының www.testcenter.kz сайтына ілінеді.

Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы

Ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдау квотасы көзделген, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын жоғары білім мамандықтарының тізбесін бекіту туралы

"2018-2019 оқу жылына арналған мамандықтар бөлінісінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 15 мамырдағы № 204 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 28 мамырда № 16937 болып тіркелді



  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ