Докторантураға түсу емтиханы келесі блоктардан:
1) оқуға түсушімен ЖЖОКБҰ-ның емтихан комиссиясы өткізетін әңгімелесуден;
2) эссе жазудан;
3) білім беру бағдарламасы тобының (БББТ) бейіні бойынша емтихан сұрақтарына жауаптардан тұрады;
Докторантураға түсу емтиханына 3 сағат 30 минут (210 минут) беріледі, оның ішінде:
- әңгімелесуге – 20 минут;
- білім бағдарламалары тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарын және эссе жазуға - 190 минут (3 сағат 10 минут).
Түсуші эссе жазу және БББТ бейіні бойынша емтихан сұрақтарына жауап беру бөлімдерін орындау реттілігін өз еркімен таңдайды.
Бейіні бойынша докторлар бағдарламасы бойынша докторантураға қорытынды баға әңгімелесу, білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына берілген жауаптар нәтижелерін және кәсіпорындар мен ұйымдардан ұсыныс хаттың болуын қосу арқылы қосындысынан алынған балдар жиынтығынан тұрады. Бейіні бойынша докторлар бағдарламасы бойынша докторантураға түсу емтиханына 2 сағат 30 минут (150 минут) беріледі.
Түсу емтиханы аяқталған соң түсушінің эссе және БББТ бейіні бойынша емтихан сұрақтарының бөлімдері бойынша жауаптары ЖЖОКБҰ-ға өңдеу және бағалау үшін жіберіледі.
Түсу емтиханының нәтижелері оны өткізгеннен кейін келесі күні жарияланады. Түсушілер түсу емтиханының нәтижелерімен жеке кабинетінде таныса алады.
Апелляцияға арналған өтініш нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13:00-ден 13:40-қа дейін ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындаған ұйымдардың базасында қабылданады (түсуші емтихан тапсырған түсу емтиханын өткізу пунктіне баруы қажет).
Докторантураға түсу емтиханына мазмұны бойынша апелляцияға 40 минут беріледі.
Эссе жазудан, БББТ бейіні бойынша емтихан сұрақтарына жауаптар нәтижесі бойынша апелляцияны ЖЖОКБҰ-ның апелляциялық комиссиясы өткізеді.
Докторантураға түсуші тұлғалар қосымша тестілеу апелляциясының техникалық себептері бойынша өтінішін түсу емтиханы өткізу барысында береді.
Мазмұны және техникалық себеп бойынша докторантураға түсуші тұлғалардан қосымша тестілеу апелляциясын Республикалық апелляциялық комиссия қарастырады.
Техникалық себеп бойынша апелляция тест тапсырмасы шартының фрагменті (мәтін, сызба, суреттер, кестелер) болмаса, соның нәтижесінде дұрыс жауапты анықтау мүмкін болмағанда қабылданады.
Апелляцияға арналған өтініште көрсетілген нақты фактілер қарастырылуға жатады.
Докторантураға түсуші тұлғалар қосымша тестілеудің мазмұны бойынша апелляцияға өтінішті қосымша тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде береді.
Тест тапсырмасы шартының фрагменті (мәтін, сызба, суреттер, кестелер) жоқ екендігі анықталған кезде, оның нәтижесінде дұрыс жауапты анықтау болмаса, түсуші «техникалық апелляция» қосымшасындағы экранға белгі қояды.
Докторантураға түсуші тұлғалардан қосымша тестілеу апелляциясы мынадай жағдайларда қаралады:
1) дұрыс жауап дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келмейді (дұрыс жауаптың нұсқасы көрсетіледі);
2) дұрыс жауап жоқ;
3) барлық ұсынылған жауаптардың ішінен бір дұрыс жауапты таңдау арқылы тест тапсырмаларында бірден артық дұрыс жауап бар (дұрыс жауаптардың барлық нұсқалары көрсетіледі);
4) тест тапсырмасы дұрыс құрастырылмаған.
Тест тапсырмаларын қайта қарау үшін мазмұны бойынша өтініш берген кезде түсуші дәлелді негіздемені (толық түсініктеме) көрсетеді.
Барлық тест тапсырмаларын қайта қарау бойынша апелляцияға арналған өтініште дәлелді негіздеме (толық түсіндіру, тапсырмалардың толық шешімі) көрсетілмесе, қарауға жатпайды.
Республикалық апелляциялық комиссияның шешімі түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды.
Эссе жазу білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына жауап жазу бөлімдерінен апелляцияға берілген өтініште әрбір тест тапсырмасы бойынша дәлелді негіздеме көрсетілмесе (жауап жоқ, толық түсіндірме, тапсырманың толық шешімі), қарастыруға жатпайды.
Эссе жазу, білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына жауаптар блоктары бойынша апелляцияны ЖЖОКБҰ апелляциялық комиссиялары жүргізеді.
Онлайн апелляция нәтижелері бойынша түсушінің жеке кабинетінде апелляцияны есепке ала отырып, қосымша тестілеудің және түсу емтиханының нәтижелері көрсетіледі.
Қосымша тестілеудің және түсу емтиханының нәтижелері бойынша электронды сертификат беріледі.
Философия докторлары (РhD) бағдарламасы бойынша докторантураға тұлғаларды ақылы негізде қабылдау шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификатының негізінде және докторантураның білім беру бағдарламалары топтарының бейіні бойынша түсу емтиханының қорытындысы бойынша және мүмкін болған 100 балдан кемінде 75 балл, бейіні бойынша докторлар бағдарламасы бойынша докторантураға – 80 балдан кемінде 50 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша философия докторлары (РhD) бағдарламасы бойынша докторантураға білім алу үшін түсу емтиханынан кемінде 75 балл, бейіні бойынша докторлар бағдарламасы бойынша докторантураға – кемінде 50 балл жинаған тұлғалар конкурстық негізде қабылданады.
Докторантураға түсуге арналған бағалау жүйесінің 100 балдық шкаласы
Емтихан бөлімі |
Балл |
ЖЖОКБҰ-ның емтихан комиссиясы оқуға түсушімен өткізетін әңгімелесу |
30 |
Эссе |
20 |
Білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтары |
50 |
Барлығы |
100 |
Бейіні бойынша докторлар бағдарламасы бойынша докторантураға түсуге арналған бағалау жүйесінің 80-балдық шкаласы
Емтихан бөлімі |
Балл |
|
ЖЖОКБҰ-ның емтихан комиссиясы оқуға түсушімен өткізетін әңгімелесу |
25 |
|
Білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтары |
50 |
|
Барлығы |
80* |
80*Жүктеу |
* Кәсіпорындар мен ұйымдардың ұсыныс хаты болған жағдайда қосымша 5 балл беріледі.