KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы

Білім беру грантын тағайындау бойынша конкурсқа өтініш бергенге дейін түсушіде Ұлттық білім беру деректер қорында (ҰБДҚ) «білім алушы» мәртебесі болмауы;

Докторантураға түсушілерден өтініштерді қабылдау ЖЖОКБҰның қабылдау комиссияларымен бірлесіп Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық жүйесі арқылы жүргізіледі.

 Түсуші докторантураға түсу емтиханына қатысу үшін ЖЖОКБҰның қабылдау комиссияларымен бірлесіп өтініш береді:

-        app.testcenter.kz сайтына кіреді және интерфейс тілін таңдайды;

-        өтініш беру жүйесіне электронды пошта арқылы тіркеледі (электрондық поштаға келген хатта міндетті түрде электрондық поштаны растау қажет);

-        түсушінің электронды поштасына жіберілген логин мен пароль арқылы авторизациядан өтеді (электронды поштаға келген логин мен парольді тестілеуге кіргенге дейін өшірмеу қажет);

-        ЖСН көрсетіп іздеу батырмасын басады (А.Т.Ә. автоматты түрде шығады) және телефон нөмірін көрсетеді;

-        «өтініш беру» парақшасына өтіп, «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім (магистратура-докторантура)» таңдайды;

-        «докторантураға түсу емтиханын» таңдайды;

-        тіркеу деректерін толтырады;

-        түсуші докторантураға түсу емтиханының өткізу қағидаларымен танысып, келісетінін растайды;

-        төлем жасау әдісін таңдап, емтиханға төлем жасайды.

 Барлық кезеңдерден сәтті өткеннен кейін «Сіздің өтінішіңіз қабылданды!» деген мәлімдеме шығады.

Түсушілер өз еркімен емтихан тапсыру қаласын таңдайды.

Егер де түсушіге берілген өтінішке өзгеріс енгізу қажет болған жағдайда (емтихан тапсыру қаласы, білім беру бағдарламаларының тобы, тестілеу тапсыру тілі), оларға өтініш беру базасы жабылғанға дейін (3 тамызға, 18 қарашаға дейін) түзетуге мүмкіндік беріледі.

 Ол үшін:

1) «Менің іс-әрекетім» бетіне өту;

2) өтінішті ашып, «Өтінішті өңдеу» батырмасын басу;

3) өзгерістер енгізу;

4) түзетуден кейін «Сақтау» батырмасын басу қажет.

Өтініштерді қабылдау базасы жабылғаннан кейін таңдалған білім     беру бағдарламалары тобы өзгертілмейді.

 Емтихан орны мен уақыты туралы ақпарат түсушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.

 Түсуші емтиханға қатысудан бас тартқан жағдайда деректер базасы жабылғанға дейін жеке кабинетінен өзінің өтінішін өшіруі қажет. Бұл жағдайда емтихан үшін төлем келесі құжаттарды:

1) тестілеу үшін төлемді қайтару туралы түсушіден өтінішті;

2) тестілеуге қатысуға арналған төлем туралы түбіртекті;

3) жеке куәліктің көшірмесін;

4) төлем картасының көшірмесін;

5) банктің реквизиттерін көрсете отырып, 20 таңбалы есепшотын ұсынған кезде қайтарылады.

 Емтихан үшін төлем деректер базасы жабылғаннан кейін қайтарылмайды.

Ағымдағы жылы:

- докторантураға түсу емтиханына қатысу құны 15804 теңгені құрайды.

- ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеуге қатысу құны 10622 теңгені құрайды.

 Тестілеуге негізделген себептер бойынша келмеген жағдайда (сырқаттанып қалу, жақын туысқанының қайтыс болуы) ақшалай қаражаттарды қайтару үшін емханадан 095У нысанды немесе E-gov порталынан QR-кодымен ресми анықтама (барлық анықтамалар сканерленеді және түпнұсқалығы тексеріледі) ұсыну қажет. Өзге анықтамаларды ұсынған жағдайда тестілеуге төленген төлемақы қайтарылмайды.

/doktorantura-a-t-sushilerge/doktorantura-a-t-su-emtikhanyna-tinishter-abyldau/