KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы

Докторантураға түсушілерден өтініштерді қабылдау ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссияларымен бірлесіп Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық жүйесі арқылы жүргізіледі.

Түсуші қосымша тестілеуге және докторантураға түсу емтиханына қатысу үшін ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссияларымен бірлесіп өтініш береді:

- app.testcenter.kz сайтына кіреді және интерфейс тілін таңдайды;

- өтініш беру жүйесіне электронды пошта арқылы тіркеледі (электрондық поштаға келген хатта міндетті түрде электрондық поштаны растау қажет);

- түсушінің электронды поштасына жіберілген логин мен пароль арқылы авторизациядан өтеді (электронды поштаға келген логин мен парольді тестілеуге кіргенге дейін өшірмеу қажет);

- ЖСН көрсетіп іздеу батырмасын басады (А.Т.Ә. автоматты түрде шығады) және телефон нөмірін көрсетеді;

- «Өтініш беру» парақшасына өтіп, «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім (Докторантураны)» таңдайды (TOEFL ITP сертификаты бар тұлғаларға «Ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеуді» таңдау қажет);

- «Докторантураға түсу емтиханын» таңдайды;

«Философия докторлары (РhD) бағдарламасы бойынша докторантураны»/«Бейіні бойынша докторлар бағдарламасы бойынша докторантураны» таңдайды;

тіркеу деректерін толтырады;

- түсуші докторантураға түсу емтиханының өткізу қағидаларымен танысып, келісетінін растайды;

- төлем жасау әдісін таңдап, емтиханға төлем жасайды.

Барлық кезеңдерден сәтті өткеннен кейін «Сіздің өтінішіңіз қабылданды!» деген мәлімдеме шығады.

Түсушілер өз еркімен емтихан тапсыру қаласын таңдайды.

Берілген өтінішке өзгеріс енгізу қажет болған жағдайда (тестілеу тапсыру қаласын, білім беру бағдарламаларының тобын, тестілеу тапсыру тілін өзгерту) өтініш қабылдау базасы жабылғанға дейін (3 тамызға дейін, 10 қарашаға дейін) өзгеріс енгізуге мүмкіндік беріледі.

Ол үшін:

1) «Менің тарихым» бетіне өту;

2) өтінішті ашып, «Өтінішті түзету» батырмасын басу;

3) өзгерістер енгізу;

4) түзетуден кейін «Сақтау» батырмасын басу қажет.

Өтініштерді қабылдау базасы жабылғаннан кейін таңдалған білім     беру бағдарламалары тобы өзгертілмейді.

Емтиханды тапсыру пункті, күні мен уақыты туралы ақпарат түсушінің жеке кабинетінде «Менің іс-әрекетім» бөлімінде қолжетімді болады.

Түсуші емтиханға қатысудан бас тартқан жағдайда деректер базасы жабылғанға дейін жеке кабинетінен өзінің өтінішін өшіруі қажет.

Бұл ретте, тестілеу үшін төленген ақша қаражаты тестілеу кезеңі аяқталғаннан кейінгі 1 жылға дейінгі мерзімде, келесі құжаттарды ұсынғаннан кейін қайтарылады:

1) тестілеу үшін төлемді қайтару туралы түсушіден өтінішті;

2) тестілеуге қатысуға арналған төлем туралы түбіртекті;

3) жеке куәліктің көшірмесін;

4) төлем картасының көшірмесін;

5) банктің реквизиттерін көрсете отырып, 20 таңбалы есепшотын ұсынған кезде қайтарылады.

Емтихан үшін төлем деректер базасы жабылғаннан кейін қайтарылмайды.

Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаған жағдайда өтініш қарастырылмайды.

Ағымдағы жылы:

- докторантураға түсу емтиханына қатысу құны 21072 теңгені құрайды.

- ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеуге қатысу құны 14162 теңгені құрайды.

Тестілеуге дәлелді себептер бойынша (денсаулық жағдайы бойынша және тізбесі «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі 1-бабының 13) тармақшасында айқындалған жақын туысының қайтыс болуы) келмеген жағдайда, түсуші ақша қаражатын қайтару үшін "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген еңбекке уақытша жарамсыздық парағы немесе 025/у немесе 026/у нысан бойынша медициналық анықтаманы не болмаса жақын туысының қайтыс болғанын және туыстық байланысты растайтын құжаттарды ұсыну қажет.

Өзге анықтамаларды ұсынған жағдайда тестілеуге төленген төлемақы қайтарылмайды.⁠