KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы

Докторантураға түсушілерден өтініштер қабылдауды жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) қабылдау комиссиялары Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық жүйесі арқылы (app.testcenter.kz) келесі мерзімдерде:
1) күнтізбелік жылдың 5 шілдесі мен 3 тамызы;
2) күнтізбелік жылдың 1-18 қарашасы аралығында жүргізіледі.

Докторантураға білім беру бағдарламаларының топтары бойынша түсу емтихандары келесі мерзімдерде:
1) күнтізбелік жылдың 4-20 тамызы аралығында;
2) күнтізбелік жылдың 19 қарашасы мен 11 желтоқсаны аралығында жүргізіледі.
4 мен 20 тамыз аралығында өткізілетін түсу емтиханының сертификаты ағымдағы күнтізбелік жылғы 1 желтоқсанға дейін жарамды болады.
19 қараша мен 11 желтоқсан аралығында өткізілетін түсу емтиханының сертификаты келесі күнтізбелік жылғы 1 наурызға дейін жарамды болады.

 Докторантураға қабылдау келесі мерзімдерде:
1) күнтізбелік жылдың 15-28 тамызы аралығында;
2) күнтізбелік жылдың 25 желтоқсанынан 10 қаңтар аралығында жүргізіледі.
Түсуші өтініш беру кезінде бір ЖЖОКБҰ мен бір білім беру бағдарламаларының тобын көрсетеді.
 Докторантураға түсуші адамдар мынадай құжаттар топтамасын ЖЖОКБҰға тапсырады:
Докторантураға түсуші тұлғалар мынадай құжаттар топтамасын тапсырады:
1) еркін нысандағы өтініш;
2) білім туралы құжат (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде түпнұсқасы);
3) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
4) ҰТО берген мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсырғаны туралы ресми сертификат (ҚАЗТЕСТ);
5) шетел тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат:
ағылшын тілі: ІELTS Academіc (Іnternatіonal Englіsh Language Testіng System Academіc), шекті балл кемінде – 5,5;
TOEFL ІBT (Test of Englіsh as a Foreіgn Language Іnternet-based test), шекті балл кемінде – 46;
TOEFL PBT (Test of Englіsh as a Foreіgn Language Paper-based test), шекті балл кемінде – 453;
TOEFL ІTP (Test of Englіsh as a Foreіgn Language Іnstіtutіonal Testіng Programm), шекті балл – кемінде 460;
неміс тілі: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (DSH, NіveauВ2/В2 деңгейі), TestDaF-Prufung (Nіveau В2/В2 деңгейі);
француз тілі: TFІ (Test de Franзaіs Іnternatіonal™) – оқу және тыңдау секциялары бойынша В2 деңгейінен төмен емес), DELF (Dіplome d’Etudes en Langue franзaіse) – B2 деңгейі, DALF (Dіplome Approfondі de Langue franзaіse) – В2 деңгейі, TCF (Test de connaіssance du franзaіs), шекті балл кемінде – 50;
6) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген 075/у нысаны бойынша электрондық форматтағы медициналық анықтама;
Белгілі бір аумақта шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда осы іс-шаралардың алынуына қарай тікелей білім беру ұйымдарына медициналық анықтама ұсынады.
7) 3x4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет;
8) жұмыс орны бойынша кадр қызметімен расталған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы немесе еңбек қызметін растайтын өзге құжат;
9) соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми жарияланымдар тізбесі, зерттеулер жүргізу жоспары және эссе;
10) алдын ала іріктеу нәтижелері («Денсаулық сақтау» білім саласы бойынша).
5) және 8) тармақшаларда көрсетілген құжаттар тұпнұсқада және көшірмелерде ұсынылады, салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
TOEFL ІTP (Test of Englіsh as a Foreіgn Language Іnstіtutіonal Testіng Programm) сертификаты бар тұлғалар докторантураға түсу емтиханы басталғанға дейін ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеуді тапсырады.
Ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеудің тест тапсырмаларының саны 100 сұрақты құрайды. Ең жоғарғы балл саны 100 балды құрайды.
Ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеу «өтті» немесе «өтпеді» деген нысанда бағаланады. «Өтті» деген бағаны алу үшін кемінде 75 балл жинау керек.
Ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеуді ҰТО білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған ұйымдарда өткізеді.
Ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеудің өткізілу күні, уақыты және орны түсушіге оның «жеке кабинеті» арқылы жолданады.
Осы тармақта көрсетілген құжаттар тізбесін толық ұсынбаған жағдайда қабылдау комиссиясы түсушілерден құжаттарды қабылдамайды.
Ұсынылатын сертификаттардың түпнұсқалығын және жарамдылық мерзімін ЖЖОКБҰның қабылдау комиссиялары тексереді.
Докторантураға "магистр" дәрежесі және кемінде 9 (тоғыз) ай еңбек өтілі бар немесе медицина мамандықтары бойынша резидентурада оқу бітірген адамдар қабылданады.

Докторантураға қабылдау келесі мерзімдерде жүзеге асырылады:
1) күнтізбелік жылғы 15 тамыздан 28 тамызға дейін;
2) күнтізбелік жылғы 26 желтоқсаннан 10 қаңтарға дейін.

/doktorantura-a-t-sushilerge/doktorantura-a-t-su-emtikhanyna-atysu-shin-zhattardy-abyldau/