Докторантураға түсушілер докторантураға түсу емтиханына қатысуға өтініш бергенге дейін ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясында кеңес алуы қажет.
ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясы:
1) түсушілерге таңдаған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары тобының мәселелері бойынша кеңес беруді;
2) түсу емтиханының рәсімімен таныстыруды;
3)түсушілердің құжаттарын қабылдау мен тексеруді ұйымдастыруды жүзеге асырады.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының докторантурасына түсушілердің өтініштерін қабылдау ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиялары және Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық жүйесі арқылы (app.testcenter.kz) келесі мерзімдерде:
1) күнтізбелік жылғы 3 шілде мен 3 тамыз;
2) күнтізбелік жылғы 28 қазан мен 10 қараша аралығында жүргізіледі.
«Педагогикалық ғылымдар», «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы» білім беру салаларының білім беру бағдарламаларының топтары бойынша докторантураға түсушілер, сондай-ақ «Гуманитарлық ғылымдар», «Әлеуметтік ғылымдар», «Бизнес және басқару» кадрларын даярлау бағыттары бойынша түсуші тұлғалар білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарының бөлімін тапсырады және балдарды аудару шкаласына сәйкес Graduate Record Examinations (GRE) стандартталған тестін тапсыру туралы халықаралық сертификаты болған кезде эссе жазудан босатылады.
Стандартталған GRE тестін тапсыру туралы халықаралық сертификаты бар тұлғалар түсу емтиханына қатысу үшін өтініш берген кезде деректерді енгізуі керек.
Сертификат балдарын эссе жазу балдарына ауыстыру түсу емтиханын өткізу аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады.
Ұсынылатын сертификаттардың түпнұсқалылығын және жарамдылық мерзімін ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиялары тексереді.
GRE стандартталған тесттің халықаралық сертификатының балдарын докторантураға түсу емтиханы балдарына ауыстыру шкаласы
GRE халықаралық ста дартталған тест |
Түсу емтихандары |
Балл |
||
Тест секциялары |
«Педагогикалық ғылымдар» білім салаларына арналған, «Гуманитарлық ғылымдар», «Әл уметтік ғылымдар» кадрларды даярлау бағыттарына арналған балдар |
«Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика», «Ақпараттық- оммуникативтік технологиялар», «Инженерлік, өңдейтін және құрыл с салалары» білім алаларына арналған, «Бизнес және басқару кадрларды даярлау бағыттарына арналған балдар |
||
Verbal Reasoning |
149 балдан кем емес |
145 балдан кем емес |
Эссе азу |
10 |
Verbal Reasoning |
160 балдан кем емес |
150 балдан кем емес |
Эссе жазу |
15 |
Verbal Reasoning |
165 балдан кем емес |
160 балдан кем емес |
Эссе жазу |
20 |
Докторантураға білім беру бағдарламаларының тобы бойынша түсу емтихандары келесі мерзімдерде:
1) күнтізбелік жылғы 4 тамыздан 20 тамызға дейін;
2) күнтізбелік жылғы 19 қарашадан 11 желтоқсанға дейін жүргізіледі.
4 мен 20 тамыз аралығы кезеңінде өткізілетін түсу емтиханының сертификаты ағымдағы күнтізбелік жылғы 1 желтоқсанға дейін жарамды болады.
19 қараша мен 11 желтоқсан аралығы кезеңінде өткізілетін түсу емтиханының сертификаты келесі күнтізбелік жылғы 1 наурызға дейін жарамды болады.
Түсуші өтініш беру кезінде бір ЖЖОКБҰ мен бір білім беру бағдарламасының тобын көрсетеді.
Докторантураға түсуші тұлғалар мынадай құжаттар топтамасын тапсырады:
1) еркін нысандағы өтініш;
2) білім туралы құжат (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде түпнұсқасы);
3) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
4) шетелдік азаматтарды қоспағанда, ҰТО берген мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсырғаны туралы ресми сертификат (ҚАЗТЕСТ);
5) шет тілін меңгергенін растайтын сертификат:
философия докторлары (РhD) бағдарламасы бойынша докторантураға түсушілер үшін:
ағылшын тілін меңгеру бойынша:
International English Language Tests System Academic (IELTS Academic), шекті балл кемінде – 5.0;
Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT), шекті балл кемінде – 35 балл;
Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP), шекті балл кемінде – 417;
TOEIC (Test of English for International Communication), шекті балл кемінде – 550;
Duolingo English Test, шекті балл кемінде – 80;
неміс тілін меңгеру бойынша:
Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang Niveau В1 (DSH, Niveau В1) – В1 деңгейінен төмен емес;
TestDaF-Prufung Niveau В1 (TDF Niveau В1) – В1 деңгейінен төмен емес;
француз тілін меңгеру бойынша:
Test de Français International (TFI) - оқу және тыңдау секциялары бойынша В1 деңгейінен төмен емес;
Diplome d’Etudes en Langue français (DELF) – В1 деңгейінен төмен емес;
Diplome Approfondi de Langue français (DALF) – В1 деңгейінен төмен емес;
Test de connaissance du français (TCF) – В1 деңгейінен төмен емес;
бейіні бойынша докторлар бағдарламасы бойынша докторантураға түсушілер үшін:
ағылшын тілін меңгеру бойынша:
International English Language Tests System Academic (IELTS Academic);
Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT);
Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP);
TOEIC (Test of English for International Communication);
Duolingo English Test;
неміс тілін меңгеру бойынша:
Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang Niveau В1 (DSH, Niveau В1);
TestDaF-Prufung Niveau В1 (TDF Niveau В1);
француз тілін меңгеру бойынша:
Test de Français International (TFI);
Diplome d’Etudes en Langue français (DELF);
Diplome Approfondi de Langue français (DALF);
Test de connaissance du français (TCF);
6) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/у нысаны бойынша электрондық форматтағы медициналық анықтама;
Белгілі бір аумақта шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда осы іс-шаралардың алынуына қарай тікелей білім беру ұйымдарына медициналық анықтама ұсынады.
7) 3x4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет;
8) шетелдік азаматтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қызметін растайтын құжат;
9) соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми жарияланымдар тізімі (болған жағдайда), зерттеулер жүргізу жоспары және эссе;
10) алдын ала іріктеу нәтижелері ("Денсаулық сақтау" білім саласы бойынша);
4), 5) және 8) тармақшаларда көрсетілген құжаттар тұпнұсқада және көшірмелерде ұсынылады, салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP) сертификаты бар тұлғалар докторантураға түсу емтиханы басталғанға дейін ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеуді (бұдан әрі – қосымша тестілеу) тапсырады.
Қосымша тестілеудің тест тапсырмаларының саны 100 сұрақты құрайды.
Тестілеу уақыты -125 минут.
I бөлім – Тыңдалым. Тест тапсырмаларының саны – 32. Орындау уақыты – 45 минут.
Бұл бөлімге 4 мәтінді тыңдау және әрбір мәтінге берілген 8 тест тапсырмасын орындау кіреді. Әрбір мәтін 1 минуттық үзіліспен екі рет қайталанады. Әрбір мәтінді тыңдап болған соң, оған ұсынылған тест тапсырмаларын орындауға уақыт беріледі. Одан әрі келесі мәтінді тыңдау басталады.
II бөлім – Лексика-грамматикалық тест. Тест тапсырмаларының саны – 32. Орындалу уақыты – 30 минут.
III бөлім – Оқылым. Тест тапсырмаларының саны – 36. Орындалу уақыты – 50 минут.
Бұл бөлімге 3 мәтінді оқу және әрбір мәтінге 12 тест тапсырмасын орындау кіреді.
Ең жоғарғы балл саны 100 балды құрайды.
Қосымша тестілеу «өтті» немесе «өтпеді» деген нысанда бағаланады. «Өтті» деген бағаны алу үшін кемінде 75 балл жинау керек.
Қосымша тестілеуді ҰТО ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындаған ұйымдарда өткізеді.
Қосымша тестілеудің өткізілу күні, уақыты және орны түсушіге оның жеке кабинеті арқылы жолданады.
Қосымша тестілеу нәтижелері қосымша тестілеу аяқталғаннан кейін компьютер экранында көрсетіледі.
Қосымша тестілеу нәтижелері бойынша электрондық сертификат беріледі, ол ҰТО сайтында жарияланады және расталады және түсушінің жеке кабинетіне жіберіледі.
4-20 тамыз аралығында өткізілген қосымша тестілеу сертификаты күнтізбелік ағымдағы жылғы 1 желтоқсанға дейін жарамды.
18 қараша мен 11 желтоқсан аралығында өткізілген қосымша тестілеу сертификаты келесі күнтізбелік жылғы 1 наурызға дейін жарамды.
Осы тармақта көрсетілген құжаттар тізбесін толық ұсынбаған жағдайда қабылдау комиссиясы түсушілерден құжаттарды қабылдамайды.
Докторантураға қабылдау келесі мерзімдерде жүзеге асырылады:
1) күнтізбелік жылғы 15 тамыздан 28 тамызға дейін;
2) күнтізбелік жылғы 26 желтоқсаннан 10 қаңтарға дейін.