KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы

Тестіленуші тестілеуге қатысу үшін өтінішті Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық жүйесі арқылы онлайн түрде  береді.

Өтініштерді қабылдау 2024 жылғы 6 - 11 қараша аралығында жүзеге асырылады.

Тестілеуге қатысуға өтініш беру үшін тестіленушіге:

 - app.testcenter.kz сайтына кіру және интерфейс тілін таңдау (қазақ/орыс);

 - өтініштер беру жүйесіне электронды пошта арқылы тіркелу (Ұлттық тестілеу орталығынан келген хатта міндетті түрде электрондық поштаны растау міндетті);

 - өтініштерді беру жүйесінде алынған логин мен пароль арқылы авторизациядан өту (логин мен пароль көрсетілген хатты өшіруге болмайды);

 - ЖСН көрсетіп, «Іздеу» батырмасын басу (А.Т.Ә. автоматты түрде шығады);

-      байланыс телефоны нөмірін көрсету;

 - «Өтініш беру» парақшасына өтіп, «Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе азаматтығын қалпына келтіру кезіндегі тестілеуді» таңдау;

-     тестілеуді тапсыру тілін таңдау: қазақ немесе орыс;

-     тестілеуді тапсыру қаласын (Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Семей және Қарағанды қалалары) таңдау;

-     тестілеу тапсыру күнін және уақытын таңдау;

-     мүгедектіктің болуы/болмауы туралы деректер, мүмкіндігі шектеулі (мүгедектігі бар) тестіленушілер мүгедектігі туралы анықтаманы және көмекшінің (бар болса) білімі туралы деректер мен растайтын құжаттарын тіркейді. Мүгедектікті белгілеу жөніндегі құжатты ұсынған кезде мүмкіндігі шектеулі (мүгедектігі бар) адамдарға қазақ филологиясы, Қазақстан тарихы және құқықтану саласының маманы болып табылмайтын, ымдау тілін меңгерген жеке көмекшінің қатысуына рұқсат беріледі;

    - тестілеуді өткізу қағидаларымен танысып, келісетінін растау;

    - төлем жасау әдісін таңдап, тестілеуге төлем жасау қажет.

      Тестілеуге қатысу құны 14693 теңгені құрайды.

Барлық кезеңдерді сәтті аяқтағаннан кейін «Өтініш сәтті қабылданды!» деген мәлімдеме шығады.

Берілген өтінішке өзгеріс енгізу қажет болған жағдайда (тестілеу тапсыру тілін, қаласын өзгерту) өтініш қабылдау базасы жабылғанға дейін (а.ж. 11 қарашаға дейін) тестіленушіге өзгеріс енгізуге мүмкіндік беріледі.

Ол үшін:

1) «Менің іс-әрекетім» бөліміне өту;

2) өтініншті ашып, «Өтінішті өндеу» батырмасын басу;

3) өзгерістер енгізу;

4) түзетуден кейін «Сақтау» батырмасын басу қажет.

Өтініштерді қабылдау базасы жабылғаннан кейін таңдалған тестілеуді тапсыру қаласы мен күні өзгертілмейді.

Тестілеуді өткізу пункті, күні және уақыты туралы ақпарат тестіленушінің жеке кабинетінде «Менің іс-әрекетім» бөлімінде қолжетімді болады.

Өтініш берген, бірақ белгіленген күні тестілеуге қатыспаған тестіленушіге тестілеуді өткізу кезеңінде (лек пен аудиторияда орын болған жағдайда) келесі күндердің бірінде қатысу немесе келесі дәлелді себептер бойынша ақша қаражатын қайтару мүмкіндігі беріледі:

1) денсаулық жағдайы бойынша «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына сәйкес 025/у немесе 026/у нысан бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағы немесе медициналық анықтама болған кезде;

2) тізбесі «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі 1-бабының 13) тармақшасында айқындалған жақын туыстарының қайтыс болғанын растайтын құжаттар болған кезде.

Тестіленуші тестілеу күнін ауыстыру туралы өтініш жазып, растайтын құжаттарды тіркеп, Ұлттық тестілеу орталығының uto@testcenter.kz, nct_pvo@mail.ru электронды пошталарына жіберуі қажет.

Өзге анықтамаларды ұсынған кезде тестілеу үшін төлем қайтарылмайды.

Тестілеуге қатысудан бас тартқан жағдайда өтініштерді қабылдау базасы жабылғанға дейін тестіленуші өзінің өтінішін жеке кабинетінде жоюы қажет.

Тестілеу үшін төленген ақша қаражаты тестілеуге өтініш берілгеннен кейінгі 1 жылға дейінгі мерзімде, келесі құжаттарды ұсынғаннан кейін қайтарылады:

1) тестілеу үшін төлемді қайтару туралы тестіленушіден өтінішті;

2) тестілеуге қатысуға арналған төлем туралы түбіртекті;

3) жеке куәліктің көшірмесін;

4) төлем картасының көшірмесін;

5) банктің реквизиттерін көрсете отырып, 20 таңбалы есепшотын;

6) негізделген себептер бойынша тестілеуде болмау себебін растайтын құжаттарды ұсынған кезде қайтарылады.

Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаған жағдайда өтініш қарастырылмайды.

Тестілеу үшін төленген төлем деректер базасы жабылғаннан кейін қайтарылмайды.

Апелляцияға өтініш беру.

Апелляцияға өтініш техникалық себептер бойынша (тестілеу барысында) және тест тапсырмаларының мазмұны бойынша (тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде) беріледі.

Апелляция тест тапсырмаларының мазмұны бойынша келесі мәселелерді қарастырады:

1) дұрыс жауап дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келмесе;

2) дұрыс жауап болмаса;

3) ұсынылған жауаптардың ішінде екі немесе одан да көп дұрыс жауап болса (дұрыс жауаптарды көрсету);

4) тест тапсырмалары дұрыс құрастырылмаса.

Техникалық себептер бойынша:

1) тест тапсырмаларында фрагмент немесе мәтін болмаса;

2) тест тапсырмаларының (мәтін, схемалар, суреттер, кестелер) шарттары болмағандықтан, дұрыс жауапты айқындау мүмкін болмаса.

Апелляцияға берілген өтініште баяндалған нақты фактілер қарауға жатады. Дәлелді негіздеме (толық түсініктеме, тапсырмаларды қадамдық шешу) көрсетілмеген өтініш қарауға жатпайды.

Апелляцияны апелляциялық комиссия 5 (бес) жұмыс күндері аралығында қарап, шешім шығарады.

Апелляция нәтижелері  ҰТО-ның www.app.testcenter.kz сайтындағы тестіленушінің жеке кабинетіңізде көрсетіледі.

Апелляциялық комиссияның шешімі түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды.