Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе азаматтығын қалпына келтіру кезінде шетел азаматтары және азаматтығы жоқ азаматтар (бұдан әрі – тестіленуші) Білу көлемін айқындау мақсатында тестілеу тапсырады.
Тестілеу Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті белгілеген мерзімдерде Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Семей және Қарағанды қалаларында өткізіледі.
Тестілеу 2024 жылғы 12-20 қараша аралығында өткізіледі.
Тестирование состоит из следующих блоков:
1. Тестілеу келесі бөлімдерден тұрады:
1) тілдік білімді бағалау жүйесінің қарапайым деңгейі бойынша қазақ тілін білуін анықтауға арналған тест (қазақ тілінде);
2) Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздері бойынша тест (қазақ немесе орыс тілінде);
3) Қазақстан тарихы бойынша тест (қазақ немесе орыс тілінде).
Тест тапсырмаларының нысаны - бір дұрыс жауабы бар тапсырма.
Бір тест тапсырмасы 1 балмен бағаланады.
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе азаматтығын қалпына келтіру кезіндегі тестілеудің форматы
Тест түрі |
Бөлім |
Тест тапсырмаларының нысаны |
Тапсыру тілі |
Тапсырмалар саны |
Балдар |
Шекті балл |
Қазақ тілі |
тыңдалым |
бір дұрыс жауапты таңдау |
қазақ |
20 |
60 |
36 |
оқылым |
40 |
|||||
Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздері |
қазақ/ орыс |
15 |
15 |
9 |
||
Қазақстан тарихы |
қазақ/ орыс |
25 |
25 |
15 |
||
Барлығы: |
100 |
100 |
60 |
Тест тапсырмаларын орындау үшін берілетін уақыт 2 сағат 10 минутты құрайды.
Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға (мүгедектігі бар) тестілеу үшін қосымша 30 минут беріледі.
Тестілеу қорытындысы бойынша шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға шекті балды еңсергенде қазақ тілінде электрондық сертификат беріледі.
Шекті балды еңсермегенде сертификат берілмейді. Электрондық сертификат тестілеу аяқталғаннан кейін және (немесе) апелляцияға шағым қаралғаннан кейін (апелляцияға берген жағдайда) жеке кабинетінде қолжетімді болады.
Электрондық сертификатты растау ҰТО-ның https://certificate.testcenter.kz сайтында ЖСН мен тестіленушінің жеке кодын (ТЖК) енгізу арқылы мүмкін болып табылады. ТКЖ тестіленушінің жеке кабинетінде «Менің іс-әрекетім» бөлімінде қолжетімді болады.
Электрондық сертификаттың жарамдылық мерзімі берілген сәттен бастап 2 (екі) жылды құрайды.
Тестілеуді тапсыру кезеңінде оны қайта тапсыруға жол берілмейді.