KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы

Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау

                                                 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларының жобасына сәйкес ЖОО магистратурасына түсушілердің өтініштерін қабылдау жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) қабылдау комиссияларымен жүргізіледі. 

Өтініштерді қабылдау мерзімі күнтізбелік жылдың 15 маусым мен 15 шілде аралығында жүргізіледі.

Кешенді тестілеу күнтізбелік жылдың 1-15 тамызы аралығында, қабылдау күнтізбелік жылдың 28 тамызына дейін жүргізіледі.

Араб тілінен түсу емтиханы және магистратураға түсушілерге арналған шығармашылық емтихандар күнтізбелік жылдың 20 - 28 шілде аралығында өткізіледі.

Конкурсқа қатысуға өтініштерді қабылдау а.ж. 20 тамызға дейін жүргізіледі. 

Кешенді тестілеуге қатысу құны: магистратураға оқуға қабылдау Кешенді тестілеу (бұдан әрі – КТ) қорытындысы бойынша жүргізіледі. КТ-ға қатысу құны 8292 теңгені құрайды.