KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы


Виртуалды қабылдау комиссияларына сілтеме   

ЖЖОКБҰ-ның магистратурасына түсушілердің өтініштерін қабылдау ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиялары және (немесе) Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық жүйесі арқылы келесі мерзімдерде:

1) күнтізбелік жылғы 1 маусым мен 5 шілде аралығында;

2) күнтізбелік жылғы 25 қазан мен 10 қараша аралығында жүргізіледі.

Магистратураға түсушілер үшін араб тілінен түсу емтиханы және шығармашылық емтихандар ЖЖОКБҰ-да келесі мерзімдерде өткізіледі:

1) күнтізбелік жылғы 16 шілде мен 25 шілде аралығында;

2) күнтізбелік жылғы 21 мен 28 қараша аралығында.

КТ-ға қатысу үшін түсуші Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық жүйесі арқылы онлайн түрде өтініш тапсырады:

- білім беру грантын тағайындау бойынша конкурсқа қатысуға өтініш бергенге дейін түсушіде Ұлттық білім беру деректер қорында «білім алушы» мәртебесінің болмауы;

- app.testcenter.kz сайтына кіру және интерфейс тілін таңдау;

- өтініштер беру жүйесіне электронды пошта арқылы тіркелу (Ұлттық тестілеу орталығынан келген хатта міндетті түрде электрондық поштаны растау міндетті);

- өтініштерді беру жүйесінде алынған логин мен пароль арқылы авторизациядан өту (логин мен пароль көрсетілген хатты өшіруге болмайды);

- ЖСН көрсетіп, «Іздеу» батырмасын басып (А.Т.Ә. автоматты түрде шығады) және байланыс телефон нөмірін көрсету;

- «Өтініш беру» парақшасына өтіп, «Жоғары оқу орнынан кейінгі білімді» таңдау;

- қажетті тестілеу түрін таңдау;

- тіркеу үшін деректерін толтыру;

- КТ өткізу қағидаларымен танысып, келісетінін растау;

- төлем жасау әдісін таңдап, тестілеуге төлем жасау қажет.

Барлық кезеңдерді сәтті аяқтағаннан кейін «Өтініш сәтті қабылданды!» деген мәлімдеме шығады.

Түсуші өз еркімен тестілеу тапсыру қаласын таңдайды.

Берілген өтінішке өзгеріс енгізу қажет болған жағдайда (тестілеу тапсыру қаласын, білім беру бағдарламаларының тобын, тестілеу тапсыру тілін өзгерту) өтініш қабылдау базасы жабылғанға дейін (5 шілдеге дейін, 10 қарашаға дейін) түсушіге өзгеріс енгізуге мүмкіндік беріледі.

Ол үшін:

1) «Менің іс-әрекетім» бөліміне өту;

2) өтініншті ашып, «Өтінішті өндеу» батырмасын басу;

3) өзгерістер енгізу;

4) түзетуден кейін «Сақтау» батырмасын басу қажет.

Өтініштерді қабылдау базасы жабылғаннан кейін таңдалған білім беру бағдарламаларының тобы өзгертілмейді.

КТ өткізу пункті, күні мен уақыты туралы ақпарат түсушінің жеке кабинетінде «Менің іс-әрекетім» бөлімінде қолжетімді болады.

Түсуші тестілеуге қатысудан бас тартқан жағдайда деректер базасы жабылғанға дейін өзінің жеке кабинетіндегі өтінішін жою қажет.

Бұл ретте, тестілеу үшін төлем келесі құжаттарды:
1) тестілеу үшін төлемді қайтару туралы түсушіден өтінішті;
2) тестілеуге қатысуға арналған төлем туралы түбіртекті;
3) жеке куәліктің көшірмесін;

4) төлем картасының көшірмесін;

5) банктің реквизиттерін көрсете отырып, 20 таңбалы есепшотын ұсынған кезде қайтарылады.

Тестілеу үшін төлем деректер базасы жабылғаннан кейін қайтарылмайды.

Тестілеуге негізделген себептермен (сырқаттанып қалу, жақын туысының қайтыс болуы (ата-аналар (ата-ана), балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер (аға-қарындастар), ата, әже, немерелер)) келмеген жағдайда, түсуші ақша қаражаттарын қайтару үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 жылғы бұйрығына сәйкес нысан бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағын, емханадан немесе E-gov порталынан QR-коды бар медициналық анықтаманы (барлық анықтамалар сканерленеді және түпнұсқалығы тексеріледі), не болмаса жақын туысының қайтыс болуы туралы куәлікті және туыстық байланысты растайтын құжаттарды ұсыну қажет.

Өзге анықтамаларды ұсынған жағдайда тестілеуге төленген төлемақы қайтарылмайды.