KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы

«Магистр» дәрежесі мемлекеттік білім беру гранты берілетін конкурсқа қатысу үшін өтініш қабылдау

Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін оқуға түсуші ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясына құжаттарын тапсырады және өтініште білім беру бағдарламасының тобын және үш ЖЖОКБҰ-ны көрсетеді.

Шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, оның ішінде карантин, төтенше жағдай енгізілген, жаһандық немесе өңірлік, сондай-ақ жергілікті ауқымдағы әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

Мерзімнің өзгеруі туралы ақпарат білім беру саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында жарияланады.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру грантын беруге арналған конкурста білім беру бағдарламалары тобының бейіні, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест, шет тілі бойынша КТ нәтижелерінің балдары ескеріледі.

КТ нәтижелерінің көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тестілеу нәтижесі бойынша балы жоғары тұлғаға басым құқық беріледі, одан кейін оқуға дайындығын анықтау арналған тест нәтижесі, бұдан әрі шет тілі бойынша тестілеу нәтижесі, одан кейін дипломға қосымшадағы (алдыңғы білім деңгейі) GPA (Grade Point Average) ескеріледі.

«Магистр» дәрежесі мемлекеттік білім беру гранты берілетін конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізімі

Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін оқуға түсуші ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясына немесе ақпараттық жүйе арқылы:

1) белгіленген үлгідегі бланкіде өтінішті;

2) жоғары білімі туралы құжатты (құжаттарды ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясына тапсырған кезде түпнұсқа);

3) КТ сертификатын (құжаттарды ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясына тапсырған кезде);

4) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген 075/У нысаны бойынша электрондық форматтағы медициналық анықтама;

5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін тапсырады.

Мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқуға қабылдау

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алу үшін КТ және (немесе) түсу емтиханының және (немесе) шығармашылық емтихандар бойынша ең жоғары балл жинаған тұлғалар конкурстық негізде қабылданады:

1) ғылыми-педагогикалық магистратура үшін 150 балдық бағалау жүйесінің шкаласына сәйкес кемінде 75 балл, бұл ретте шет тілі бойынша кемінде 25 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бірінші бейінді пән бойынша – кемінде 7 балл, екінші бейінді пән бойынша – кемінде 7 балл, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 7 балл;

2) оқыту қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратура үшін 100 балдық бағалау жүйесінің шкаласына сәйкес кемінде 50 балл, бұл ретте оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 7 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бірінші бейінді пән бойынша – кемінде 7 балл, екінші бейінді пән бойынша – кемінде 7 балл;

3) шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының тобы бойынша магистратура үшін кемінде 75 балл, бұл ретте: шет тілі бойынша – кемінде 25 балл, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 7 балл және әр шығармашылық емтиханнан - кемінде 7 балл;

4) араб тілін білуді талап ететін білім беру бағдарламаларының тобы бойынша магистратура үшін кемінде 75 балл, бұл ретте араб тілі бойынша – кемінде 25 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бірінші бейінді пән бойынша – кемінде 7 балл, екінші бейінді пән бойынша – кемінде 7 балл, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 7 балл.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау

Ақылы негізде оқуға төмендегідей шекті балл жинаған тұлғалар қабылданады:

  • оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін ғылыми-педагогикалық магистратура үшін кемінде 75 балл, бұл ретте шет тілі бойынша кемінде 25 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бірінші бейінді пән бойынша – кемінде 7 балл, екінші бейінді пән бойынша – кемінде 7 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады;
  • оқыту қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратураға үшін кемінде 50 балл, бұл ретте оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 7 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бірінші бейінді пән бойынша – кемінде 7 балл, екінші бейінді пән бойынша – кемінде 7 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады;
  • шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының тобы бойынша магистратура үшін кемінде 75 балл, бұл ретте: шет тілі бойынша – кемінде 25 балл, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 7 балл және әр шығармашылық емтиханнан - кемінде 7 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады;

  Әр шығармашылық емтиханнан ең жоғары балл саны 35 балды құрауы тиіс.

  • араб тілін білуді талап ететін білім беру бағдарламаларының тобы бойынша магистратура үшін кемінде 75 балл, бұл ретте араб тілі бойынша – кемінде 25 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бірінші бейінді пән бойынша – кемінде 7 балл, екінші бейінді пән бойынша – кемінде 7 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.

Магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуден босату

Магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуден толық немесе ішінара босату мына сілтеме бойынша келтірілген балдарды ауыстыру шкаласына сәйкес жүзеге асырылады: http://www.testcenter.kz/ru/postupayushchim-v-magistraturu-i-doktoranturu/vstupitelnye-ekzameny/informatsiya-ob-itogakh-vstupitelnogo-ekzamena-po-yazykam-na-poluchenie-pvo/index.php