KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы

       Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №600 бұйрығымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының магистратурасына түсушілердің өтініштерін онлайн қабылдау Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық жүйесі арқылы жүргізіледі.

      Өтініштерді қабылдау келесі мерзімдерде:

1)күнтізбелік жылғы 1 маусым мен 8 шілде;

2)күнтізбелік жылғы 28 қазан мен 10 қараша аралығында жүзеге асырылады.

      Кешенді тестілеу келесі мерзімдерде:

1)күнтізбелік жылғы 20 шілде мен 10 тамыз аралығында;

2)күнтізбелік жылдың 18 қараша мен 11 желтоқсан аралығында жүргізіледі.

      Күнтізбелік жылғы 20 шілдеден 10 тамызға дейінгі кезеңде өткізілген КТ сертификаты күнтізбелік жылғы 1 желтоқсанға дейін жарамды.

      Күнтізбелік жылғы 18 қарашадан 11 желтоқсанға дейінгі кезеңде өткізілген КТ сертификаты күнтізбелік жылғы 1 наурызға дейін жарамды.

       Магистратураға түсушілерге арналған араб тілінен түсу емтиханы мен шығармашылық емтихандары ЖЖОКБҰ-да келесі мерзімдерде:

1) күнтізбелік жылғы 16 - 25 шілде;

2) күнтізбелік жылғы 21 мен 28 қараша аралығында жүргізіледі.

      Араб тілінен түсу емтиханы мен шығармашылық емтихандарын ЖЖОКБҰ-мен дербес өткізіледі.

      Магистратураға қабылдау келесі мерзімдерде жүзеге асырылады:

1) күнтізбелік жылғы 15 тамыздан 28 тамызға дейін;

2) күнтізбелік жылғы 26 желтоқсаннан 10 қаңтарға дейін.

КТ-ға қатысу құны 14693 теңгені құрайды.