KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы

        

          Ұлттық бірыңғай тестілеу пәндері бойынша тест тапсырмалары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім беру стандартына, жалпы білім беретін пәндер бойынша оқу бағдарламаларына сәйкес әзірленеді.

2025 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған тест тапсырмалары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен (ҚР БҒМ 2020 жылғы 27 қарашадағы № 496 бұйрығымен өзгерістер енгізілген) және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 399 бұйрығымен бекітілген жалпы орта білім деңгейіне арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламалары негізінде әзірленген.

ҰБТ-ға дайындалу үшін пәндер бойынша тест спецификацияларын және оқулықтарды басшылыққа алу қажет.

Ескертпе: Типтік үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес білім алушылардың пәндер мазмұнын толығымен меңгеруі бекітілген оқулықтармен қатар әртүрлі қосымша деректерді қолдану арқылы жүзеге асырылады.