KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы


ҰБТ қорытындысы бойынша ақпарат:

Ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі - ҰБТ) еліміздің 43 ҰБТ өткізу пункттерінде (бұдан әрі - ҰБТӨП) 16 мамыр – 5 шілде аралығында, онлайн форматта «1 компьютер – 2 камера – 1 тестіленуші» қағидасы бойынша өткізілді. ҰБТӨП – 43, оның ішінде республикалық маңызы бар қалаларда  - 6 пункт, облыс орталықтарында - *16 пункт, моноқалаларда - 4 пункт, аудан орталықтарында - 15 пункт, селоларда – 2 пункт.

ҰБТ-ға қатысуға барлығы 166367 адам, екі мүмкіндікпен 304 530 өтініш берді, оның ішінде 233 133 қазақ тілінде,  71 083 орыс тілінде, 314 – ағылшын тілінде тест тапсыруға өтініш берді.

ҰБТ-ға  162 379 адам (уникалды) қатысты, екі мүмкіндікпен 291 267, яғни 96% - ы (2020 жылы - 92%, 2021 - 94%, 2022 - 95%) қатысты, оның ішінде 224 416 (77,05%) қазақ тілінде, 66 583 (22,86%) орыс тілінде, 268 (0,09%) – ағылшын тілінде.

SAT (ЭсЭйТи), ACT (ЭйСиТи), IB (АйБи), A Level (Э-Левел) халықаралық стандартталған тест сертификаттары бар тұлғалар қалауы бойынша тестілеуден босатылады, яғни халықаралық стандартталған тестілеудің нәтижелерін Үлгілік қағидалардағы шекті балға сәйкес ҰБТ балдарына ауыстырады және білім беру гранты конкурсына қатысады және/немесеЖЖОКБҰ-ға ақылы негізде оқуға қабылдана алады.

SAT балдарын ҰБТ балдарына ауыстыру мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

1) SAT reasoning (ризонинг) и SAT subject (сабджект) сертификатары болған жағдайда түсуші Қазақстан тарихы пәні бойынша ҰБТ тапсырады және SAT subject (ЭсЭйТи сабджект) балдары бейіндік пәндері сәйкес келген жағдайда ғана ҰБТ балдарына ауыстырылады; 2) SAT reasoning (ризонинг) сертификаты болған жағдайда түсуші Қазақстан тарихы және екі бейіндік пәндер бойынша ҰБТ тапсырады.

ACT (ЭйСйТи) балдары ҰБТ балдарына Қазақстан тарихы пәні бойынша ҰБТ тапсырған жағдайда және бейіндік пәндері сәйкес келген жағдайда ғана ауыстырылады.

IB (АйБи) және A Level (Э-Левел) балдары ҰБТ балдарына Қазақстан тарихы және оқу сауаттылығы пәндері бойынша ҰБТ тапсырған жағдайда, және бейіндік пәндері сәйкес келген жағдайда ғана ауыстырылады.

Тексеріс нәтижесінде 224 түсушінің сертификаты ҰБТ балына ауыстырылды (SAT (ЭсЭйТи) - 220, ACT (ЭйСиТи) – 4).

2022-2023 оқу жылының Зияткерлік мектептер түлектері үшін 1672 дана ҰБТ сертификаты шығарылып берілді.

Түсушілер тестілеуге өтінішті https://app.testcenter.kz/auth ҰТО сайты арқылы онлайн режимде берді.

ҰБТ-ның электрондық сертификаты өтініш берушінің сайттағы жеке кабинетінде қолжетімді немесе https://certificate.testcenter.kz/search сілтемесі арқылы кіріп, шығарып алуға болады.