KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы

Ұлттық біліктілік тестілеу

        Ұлттық біліктілік тестілеу – Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган әзірлеген тестілер бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілік деңгейін айқындау мақсатында өткізілетін рәсім.

    Ұлттық біліктілік тестілеу екі блокқа бөлінеді және барлығы 100 тест тапсырмасынан тұрады: бірінші блок «Оқыту пәнінің мазмұны» бойынша 70 тапсырма, екінші блок «Педагогика, оқыту әдістемесі» бойынша 30 тапсырма.

  «Оқыту пәнінің мазмұны» бойынша тест тапсырмалары педагог қызметкерлердің терең академиялық білімін, практикалық икемділігі мен дағдыларын тексеруге бағытталған.

         Ол үшін 3 түрлі формадағы тапсырмалар қолданады:

1) бір дұрыс жауабы бар тапсырмалар;

2) бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тапсырмалар;

3) бір дұрыс жауабы бар мәнмәтіндік тапсырмалар.

    Тапсырмалар мазмұны мен формаларының әртүрлілігі оқу материалдарын жаттап алу және болжап белгілеу жағдайларын болдырмай, педагог қызметкерлердің нақты білімі мен қабілетін анықтауға мүмкіндік береді.

     Ұлттық біліктілік тестілеудің жалпы уақыты екі жүз он минутты, "Математика", "Физика", "Химия", "Информатика" пәндері үшін екі жүз қырық минутты құрайды.

 


Тест құрылымы

Блок

Тапсырмалар саны

Тапсырманың формасы

Уақыт (минут)

 

 

Оқыту пәнінің мазмұны

70

50

Бір дұрыс жауапты таңдау

110

10

Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау

20

10 (2 мәнмәтіндік тапсырманың әрқайсысына 5 тапсырмадан)

Бір дұрыс жауабы таңдалатын мәнмәтіндік тапсырмалар

20

Педагогика, оқыту әдістемесі

30

30

Бір дұрыс жауапты таңдау

60

 

 

Балдардың шектік деңгейін анықтау

 

Санат

Блок

Пәндер бойынша балл

Біліктілік тестінен өту үшін

(%)

Біліктілік тестінен өту үшін

(балл)

   Педагог      Оқыту пәнінің мазмұны  70 50% 35
 Педагогика, оқыту әдістемесі  30   30%  9

Педагог-модератор

Оқыту пәнінің мазмұны

70

60%

42

Педагогика, оқыту әдістемесі

70

40%

12

Педагог-сарапшы

Оқыту пәнінің мазмұны

70

70%

49

Педагогика, оқыту әдістемесі

30

50%

15

Педагог-зерттеуші

Оқыту пәнінің мазмұны

70

80%

56

Педагогика, оқыту әдістемесі

30

60%

18

Педагог-шебер

Оқыту пәнінің мазмұны

70

90%

63

Педагогика, оқыту әдістемесі

30

70%

21

 

Бағалау:

Бір дұрыс жауап таңдалған тапсырма үшін 1 балл, дұрыс орындалмаған тапсырмаға 0 балл беріледі.

Бір немесе бірнеше дұрыс жауап нұсқасынан:

- барлық дұрыс жауаптар үшін - 2 балл,

- бір қате жіберілген жағдайда - 1 балл,

- екі және одан көп қате жауаптар үшін - 0 балл беріледі.

 

«Педагогика, оқыту әдістемесінің» тақырыптары:

Тақырып

Тақырыпша

01

Тәрбие әдістемесі

01

Тәрбие әдістері. 

02

Тәрбие процесінің принциптері. Тәрбие процесінің негізгі бағыттары.

02

Оқыту процесі

03

Оқу процесінің принциптері

04

Оқыту әдістері мен формалары

03

Оқу процесін басқару және ұйымдастыру

05

Сабаққа дайындық, педагогикалық талдау және оқу процесінің рефлексиясы

04  Мұғалімнің инновациялық қызметі

06

Мұғалімнің инновациялық қызметі

05

Оқыту мен оқытудағыі жаңа  тәсілдер

07

Тиімді оқыту және танымдық тану

08

Қалай оқу керектігін үйрету. Метатаным. Есте сақтау түрлері.

09

Сыныптағы диалогтың маңыздылығы. Әңгіме түрлері. Сұрақтар қою.

10

Оқытудағы АҚТ. Оқытудағы жаңа тәсілдерді ескере отырып, сабақтарды жоспарлау.

06

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

11

Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту

07

Талантты және дарында балаларды оқыту

12

Талантты және дарынды балаларды оқытудың тәсілдері, принциптері мен стратегиялары.

08

Оқу жетістіктерін бағалау

13

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Кері байланыс.

09

Зерттеу тәжірибесі

14

Сабақты зерттеу мен тәжірибені зерттеудің тәсілдері мен стратегиясы

 

«Педагогика, оқыту әдістемесі» блогы бойынша ұсынылатын әдебиеттер:


1.    Ж.Бабаев С.Б., А.М. Педагогика, 2004 ж.

2.    Н. Д. Хмель, Г. Т. Хайруллин, Б. И. Муканова. Педагогика: Оқулық/ Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық Университетінің педагогика кафедрасынын авторлар ұжымы- Алматы: Ргіпі-8, 2005 ж.

3.     «Тиімді оқыту мен оқу» Қазақстан Республикасы  педагог қызметкерлерінің  біліктілігін арттыру бағдарламасы мұғалімге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік Мектебі» ДББҰ, 2016 ж.

4.    Қазақстан Республикасының білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2016 ж.

5.    Жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне арналған критериалды бағалауға арналған әдістемелік нұсқаулар «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2016 ж.

6.    Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалауға арналған нұсқаулық «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2016 ж.




Пәндер тізімі




Ұлттық біліктілік тестілеу (ОБ) спецификациялары


/pedagogam/nkt/o-nkt/